Қазақстанда көлік инфрақұрылымы жаңарып, транзит көлемі бірнеше есеге өсті

24.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Министрдің айтуынша, бүгінде көлік саласының барлық бағыттары бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соңғы бес жылда саланың жалпы өнімі үш есеге өсіп, инфрақұрылым мен логистика қарқынды дамып келеді.

— 2030 жылға қарай теміржол транзитінің көлемін 67 млн тоннаға, автомобиль транзитін 12 млн тоннаға және әуе транзитін 487 млн ұшақ-шақырымға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Теміржол саласында соңғы бес жылда транзит көлемі 65%-ға артты. Инфрақұрылымды жаңғырту аясында Достық — Мойынты теміржол учаскесі мен Алматы айналма теміржолы іске қосылды. 2022–2025 жылдары 509 локомотив сатып алынды. Сонымен қатар Дарбаза–Мақтаарал және Бақты–Аягөз теміржол жобалары жүзеге асырылуда, сондай-ақ жыл сайын 1500 шақырымға жуық жол жөнделіп жатыр, — делінген хабарламада.

Теңіз инфрақұрылымы бағытында Ақтау және Құрық порттарын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде олардың өткізу қабілеті 21 млн тоннадан 30 млн тоннаға дейін ұлғаяды.

— Бұл Транскаспий халықаралық көлік бағытының әлеуетін күшейтіп, Қазақстанның логистикалық хаб ретіндегі рөлін арттыруға мүмкіндік береді. Авиация саласында соңғы 5 жылда транзит төрт есеге өсті. Қазіргі уақытта 2050 жылға дейінгі авиацияны дамыту жөніндегі мастер-жоспар әзірленуде. Сонымен қатар жаңа әуе кемелерін сатып алу және авиациялық инфрақұрылымды жаңғырту бойынша жобалар іске асырылып жатыр, — деп хабарлады ведомстводан.

Министрліктің мәліметінше, халықаралық автомобиль тасымалдары да тұрақты өсім көрсетіп отыр. 2020 жылдан бері транзит көлемі үш есеге артты. Бүгінде Қазақстанның 42 елмен үкіметаралық келісімдері бар, бұл отандық тасымалдаушыларға Еуразия кеңістігіндегі көптеген елдерге жүк жеткізуге мүмкіндік береді. 

Саланы цифрландыру және әкімшілік рәсімдерді жеңілдету аясында рұқсат бланкілерін беру мерзімі 8 күннен 1 күнге дейін қысқартылды, ал бланкілердің 70%-ы электрондық форматқа көшірілді.

Жол инфрақұрылымын дамыту бойынша елімізде 7 халықаралық автодәліз қалыптастырылған. 2029 жылға дейін Ақтөбе — Қызылорда, Бейнеу — Сексеуіл, Орталық — Батыс және Қарағанды — Жезқазған ірі жобалары іске асырылада. 2026 жылы ақылы автомобиль жолдарының ұзындығы 6,7 мың шақырымға дейін жеткізіледі. Осылайша транзит еліміздің стратегиялық активіне айналып келеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Көлік министрі еліміздің транзиттік-көлік әлеуетін дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізген еді. Жиын барысында көлік саласының тиімділігін арттыру, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды жеделдету, процестерді цифрландыру, сондай-ақ Президент пен Үкімет тапсырмаларының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі басым міндеттер қаралған болатын. Транзит көлемін 55 млн тоннаға дейін ұлғайту тапсырылды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью