Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
2026 жылғы 25 тамыздан бастап Қазақстанда комада жатқан бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың жақын туыстары мен жұбайлары күтім бойынша жәрдемақы алуға және медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге өз бетінше өтініш бере алады. Қандай құжаттар қажет болатыны және мұндай жағдайларда мүгедектік қалай белгіленетіні туралы Tengri Health материалынан оқыңыз.
Комадағы адамның орнына кім өтініш бере алады?
Өзгерістерді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылғы 11 тамыздағы бұйрығымен енгізді.
Мүгедектігі бар баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған анасына немесе әкесіне, бала асырап алушыға, қорғаншыға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны, сондай-ақ бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеу қағидаларына жаңа норма қосылды.
Онда былай делінген:
Қандай құжаттар қажет болады?"Егер мүгедектігі бар адам коматоздық күйде болуына байланысты келісім бере алмаса, күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы тағайындау үшін жақын туысының немесе жұбайының (зайыбының) өтініші негіз болып табылады".
Қағидаларға сәйкес, егер өтінішті туысы немесе жұбайы (зайыбы) берсе, мемлекеттік орган қажетті мәліметтерді мемлекеттік цифрлық жүйелер немесе цифрлық құжаттар сервисінен алады:
туыстық дәрежесін растайтын құжат; медициналық ұйым берген, коматоздық күйді растайтын құжат.Бұл ретте мына жағдай бөлек көрсетілген:
МӘС өту тәртібі де өзгерді"Мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінде немесе цифрлық құжаттар сервисінде мәліметтер болмаған жағдайда, оларды бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның жақын туысы немесе жұбайы (зайыбы) ұсынады".
Өзгерістер медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына да енгізілді.
Куәландыру немесе қайта куәландыру (сырттай проактивті куәландыруды қоспағанда) өтініш бойынша жүргізіледі. Ол үшін мыналарды ұсыну қажет:
жеке басты куәландыратын құжат, немесе цифрлық құжаттар сервисіндегі электрондық құжат.Егер өтінішті комада жатқан және тиісінше сараптама жүргізуге өз бетінше келісім бере алмайтын адамның жақын туысы немесе жұбайы (зайыбы) берсе, МӘС қажетті мәліметтерді мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
Мұндай құжаттар электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылуы тиіс.
Қағидаларда жақын туысы немесе жұбайы (зайыбы) жүгінген кезде туыстық дәрежесін растайтын мәліметтер талап етілетіні бөлек жазылған.
Комадағы адамға мүгедектік қалай белгіленеді?Өзгерістер комада жатқан адамды куәландыру тәртібін де қарастырады.
Куәландырудан үйде немесе стационарда өтуге болады.
Сырттай куәландыру адамды тасымалдау мүмкін болмағанда немесе ол қызмет көрсетілетін аймақтан тыс жерде стационарлық емделуде болғанда жүргізіледі. Ол үшін № 031/у нысаны бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссияның ұсынымы қажет.
Мүгедектік бір жылдан аспайтын мерзімге белгіленеді.
Жәрдемақыларды тағайындау және МӘС жүргізу қағидаларына енгізілген өзгерістер 2026 жылғы 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ
Шымкентте жол апатына ұшыраған ер адам 35 күннен кейін комадан шықты
Қазақстанда мүгедектікті белгілеу тексеріле бастады: 1000-нан аса күмәнді іс анықталған
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу