Қазақстанда корейлік балмұздақ өндірісі іске қосылады

16.09.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 16 қыркүйек - Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі, "Шин-Лайн" компаниясы және Оңтүстік Кореяның Sungwon Machinery Co., Ltd. компаниясы үшжақты өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум озық азиялық технологияларды Қазақстанда енгізуге, өндірістік қуаттарды дамытуға және корей үлгісіндегі балмұздақ түрлерін шығаруды жолға қоюға бағытталған.

""Шин-Лайн" серіктестігі базасында "Шин-Лайн Инжиниринг" компаниясы құрылады. Жаңа компания заманауи өндірістік технологияларды енгізу, жетілдіру және қазақстандық өндіріс жағдайына бейімдеу бағытында жұмыс істейтін орталыққа айналмақ", - дейді министрлік.

Келісім аясында тараптар технологиялық және инженерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуды жоспарлап отыр.

"Оңтүстік Корея тарапының инженерлік шешімдері мен тәжірибесін пайдалану өндіріс үдерістерін жаңғыртып қана қоймай, жаңа технологияларды игеруге, кәсіпорынның өз инженерлік әлеуетін қалыптастыруға және қосылған құны жоғары жаңа өнім түрлерін шығаруға жол ашады", - делінген хабарламада.

Ауыл шаруашылығы министрлігі өз тарапынан жобаға ақпараттық және консультациялық қолдау көрсетеді. Сонымен қатар мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауға жәрдемдесіп, тамақ өнеркәсібіндегі инвестициялық белсенділікті ынталандыруға арналған мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат береді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью