Қазақстанда магистратура мен докторантураға өтініш қабылдау уақыты белгілі болды

26.10.2025

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

2025 жылғы 28 қазаннан бастап магистратура мен докторантураға құжат қабылдау басталады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Өтініштер 10 қарашаға дейін ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында қабылданады.

Кешенді тестілеу қараша–желтоқсан айларында өтеді.

Ғылыми-педагогикалық магистратура: шекті балл – 75.

Бейінді магистратура: шекті балл – 30.

Докторантура (PhD): шекті балл – 75, индустриялық PhD – 50.

Емтихан өтетін күн туралы ақпарат 14 және 27 қарашада талапкерлердің жеке кабинетінде жарияланады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью