Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Күнтізбеге сәйкес:
Кешенді тестілеу – 20 шілде мен 10 тамыз аралығында;Білім беру гранттары конкурсына қатысуға өтініш қабылдау – 12-18 тамыз;Ақылы негізде оқуға құжат қабылдау – 15-28 тамыз;Грант иегерлерінің тізімін жариялау – 25 тамызға дейін;Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына (ЖЖОКБҰ) қабылдау – 28 тамызға дейін.
Ұлттық тестілеу орталығы талапкерлерді "2026–2027 оқу жылына арналған қабылдаудың маңызды мерзімдерін өткізіп алмаңыздар" деп ескертті.
Сондай-ақ талапкерлер өзекті ақпаратты жоғары оқу орындарының ресми сайттары мен әлеуметтік желідегі парақшаларынан қадағалап жүргені жөн.