Қазақстанда медқызметкерлердің жалақысын көтеру үшін қазынадан 33 миллиард теңге бөлінген

18.06.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Бүгін Ақордада медицина қызметкері күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Жиында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру үшін қазынадан 33 миллиард теңге бөлінгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Бүгін Ақордада медицина қызметкері күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Жиында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру үшін қазынадан 33 миллиард теңге бөлінгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді әлеуметтік тұрғыдан қолдау шараларына тоқталды.
"Жалпы, мемлекет дәрігерлерді құқықтық тұрғыдан қорғаумен қатар, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға баса мән береді. Соңғы үш жылда сала мамандарына көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың көлемі жеті есе ұлғайды.
Медицина қызметкерлерінің жалақысы кезең-кезеңімен көтеріліп келеді. Тек биылдың өзінде бұл мақсатқа қазынадан 33 миллиард теңге бөлінді. Осындай шаралардың арқасында медицина саласындағы кадрлық ахуал да тұрақтала түсті", - деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, шалғай ауылдарда еңбек ететін дәрігерлерге ерекше қолдау көрсетіліп жатыр. Оларға бір реттік көтерме төлемдер беріледі. Атап айтқанда, былтыр 530 маманға жалпы сомасы 4,5 миллиард теңге қаржы бөлінген.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтаған болатын.

Сондай-ақ Тоқаев жалпыұлттық референдумға белсенді қатысқан медицина мамандарына ризашылығын білдірді.

Одан бөлек, Президент Қазақстанда ана өлімі ең төменгі көрсеткішке дейін азайғанын мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью