Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Қазақстанда тұрғын үй заңнамасына мүлік иелері бірлестіктерінің (МИБ) жұмысына қатысты түзетулер дайындалып жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.
Бірінші кезекте МИБ төрағаларының жауапкершілігін нақтылау, тұрғындардың жинақтарын бұғаттаудан қорғау және басшылықты ауыстыру процедурасын жеңілдету жоспарланып отыр.
Елде 60 мыңнан аса көппәтерлі тұрғын үй бар. Оның 14 мыңнан астамы күрделі жөндеуді қажет етеді. Мұндай жағдайда үйді басқарудың қаншалықты тиімді ұйымдастырылғаны маңызды рөл атқарады. Алайда іс жүзінде төрағаны ауыстыру қордаланған мәселелерді шеше алмайтын жағдайлар жиі кездеседі.
"Мәселен, жылыту маусымы бойынша бізде қиындық жоқ. Өткен жылы мәселе көп болды, бәрі сынады, себебі бізде бұл қазірдің өзінде үшінші төраға. Үй кеңесі басқару органы ретінде көрсетілген. Бірақ онда тек үй кеңесінің мүшелері деп қана жазылған. Заңнамада үй кеңесінің төрағасы қарастырылмаған. Сондықтан жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңды енгізу қажет", - дейді үй кеңесінің мүшесі Неғмет Суханов.
Сонымен қатар сұрақтар тек нақты басшылардың жұмысына емес, өкілеттіктердің бөлінісіне де қатысты туындап отыр. МИБ төрағасы ағымдағы істермен айналысқанымен, маңызды шешімдер үй кеңесімен және меншік иелерімен бірлесіп қабылданады. Сала мамандары әрбір қатысушының жауапкершілігі нақты айқындалуы тиіс деп есептейді.
"МИБ төрағасы - басқалар сияқты қарапайым тұрғын. Оны тек үйге үнемі көз қырын салып жүруі үшін таңдап алды. Неге ол бәріне жалғыз жауап беруі керек екені бізге түсініксіз. Өйткені ол тек атқарушы орган ғана. Бұдан бөлек, бақылаушы орган - үй кеңесі және жалпы жиналыс бар. Оларсыз МИБ төрағасы ештеңе істемеуі керек", - деді ТҮКШ меншік иелері қауымдастығының президенті Ерлан Қарбаев.
Құрылтай депутаттары меншік иелерінің жиналыстарын өткізу тәртібіне, пәтер иелері туралы ақпаратқа қол жеткізуге және МИБ төрағаларын ауыстыруға қатысты түзетулер енгізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ үй басқарушыларының жұмысын реттейтін жекелеген нормаларды нақтылау қажет.
"Тұжырымдамасы тым ауқымды бірнеше бап бар. Мысалы, төраға тұрғындардың жайлы тұруын қамтамасыз етуге міндетті. Бұл мүлдем олай емес. Төраға мұны жалғыз істей алмайды. Сондықтан біз бұл бағытта кейбір түзетулер енгізетін боламыз. Екінші мәселе - төрағаларды оқыту. Қазір үйді басқару қызметтері нарығын кәсібилендіру ісі, өкінішке қарай, тығырыққа тіреліп тұр. Цифрландыру, соның ішінде меншік иесі туралы мәліметтерге қол жеткізу және төрағаларды ауыстыру бойынша да маңызды сұрақтар бар", - деп атап өтті Құрылтай депутаты Екатерина Смышляева.
Түзетулер бойынша жұмысты 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Басты міндет - үйлерді басқаруды ашық ету және олардың жай-күйі үшін жауапкершілікті барлық меншік иелеріне түсінікті қылу.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу