Қазақстанда мұнай газ жабдықтарын өндіру қалай дамып жатыр?

16.10.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Солтүстік Каспий жобасының операторы NCOC компаниясы мұнай-газ жабдықтарын жергілікті деңгейде өндіруді дамытуға, отандық кәсіпорындардың мүмкіндіктерін арттыруға және халықаралық стандарттарды енгізуге қолдау көрсетіп келеді. Бұл туралы компания өкілі Батыс Қазақстан облысында өткен мұнай-газ машинасын жасау форумында мәлімдеді.

Биыл форум мен операторлардың ашық есік күні Оралда өтіп жатыр. Іс-шараны Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы (IMBC) Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен бірлесіп ұйымдастырып, оған Қазақстан Республикасының Құрылтайы, PSA ЖШС, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, сондай-ақ, елдің жетекші мұнай-газ және мұнай-газ химиясы операторлары қолдау көрсетті.

Жиынға мемлекеттік органдардың, ірі мұнай компанияларының, отандық өндірушілердің, сала бойынша қауымдастықтар мен халықаралық серіктестердің өкілдері қатысып, елімізде мұнай-газ машинасын жасау саласын дамыту, қазақстандық өнімдер мен қызметтердің үлесін арттыру мәселелерін талқылады.

Іс-шаралар бағдарламасы өңірдегі өндіріс орындарын аралаудан басталды. Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров Батыс Қазақстан облысындағы мұнай-газ саласына қажетті түрлі өнім шығаратын машина жасау зауыттарын аралады. Бұл кәсіпорындар өлшеу және автоматтандыру жүйелерін, арнайы техниканы, металл конструкциялары мен ірі көлемді мұнай-газ жабдықтарын өндіреді.

Жиын барысында отандық кәсіпорындардың өндірістік әлеуетін арттыру, мұнай-газ жабдықтарын Қазақстанда өндіруді дамыту және ірі мұнай-газ жобаларының операторларымен ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне басымдық берілді.

NCOC басқарушы директорының орынбасары Жандос Оразалиев отандық кәсіпорындардың мұнай-газ саласына қатысу аясын кеңейту компанияның негізгі басымдықтарының бірі екенін айтты.

"Солтүстік Каспий жобасы аясында тауарлар мен қызметтерді жеткізуге отандық кәсіпорындарды көбірек тарту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеміз. Елімізде өндірілетін өнім көлемін арттыруға, жаңа бағыттарды игеруге және халықаралық стандарттарды енгізуге ерекше көңіл бөлеміз. Бұл форум мен операторлардың ашық есік күні сияқты алаңдар тапсырыс берушілер мен өндірушілердің тікелей байланыс орнатуына мүмкіндік береді", – деді ол.

Форумға 800-ге жуық адам қатысты. Ірі мұнай-газ және мұнай-газ химиясы компанияларының басшылары арнайы сессияда отандық өндірушілердің халықаралық нарыққа шығуына және ірі энергетикалық жобаларға қатысуына мүмкіндік беретін ASME/API халықаралық стандарттары мен сертификаттау жүйелерін талқылады.

Суреттер: NCOC компаниясының баспасөз қызметі

Жиын аясында мұнай-газ жабдықтарын өндіруді дамытуға бағытталған операторлар мен отандық кәсіпорындар арасында бірнеше келісімшартқа қол қойылды. Сондай-ақ, мұнай-газ саласына арналған өнімдер мен технологиялық шешімдер көрмесі өтті.

NCOC компаниясының баспасөз қызметі ұсынған материал

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью