Қазақстанда мұнай және газ конденсатын өндіру 96 98 млн тоннаға дейін төмендеуі мүмкін

11.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

— Экономиканы дамыту жоспары бойынша бұл көрсеткіш 100,5 млн тонна болған (2026 жылға). Менің ойымша, жыл соңында және осы жылдың басында болған оқиғалар, яғни КҚК-ға жасалған шабуыл мен Теңіздегі жағдай салдарынан өндіру көлемі 96-98 млн тонна шамасында болады, — деді Ерлан Ақкенженов Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Министр бұл тұрғыда мәселе мұнайды, газ конденсатын өндіруге қатысты екенін айтты.

Еске салсақ, былтыр қараша айында Ресейдің Новороссийск маңындағы Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалына экипажсыз қайықтармен жасалған шабуыл салдарынан ВПУ-2 жүк тиеу-қабылдау құрылғысы зақымданды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 18 қаңтарда Теңіз кен орнында өрт болып, 450-ден аса жұмысшы эвакуацияланған еді.

28 қаңтарда Ерлан Ақкенженов Теңіз кен орнында жанып кеткен трансформаторлар жөнделіп, мұнай өндіру бір апта ішінде қалпына келтірілетіні туралы айтқан еді

11 наурызда Энергетика министрі Теңіз кен орнында мұнай өндіру жұмысы қалпына келтірілгенін айтты.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью