​Қазақстанда мыс өндірісінің қосылған құнын арттыру жолдары талқылануда

22.09.2026

Azh.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Балқашта салынатын жаңа мыс балқыту зауыты тек катодты мыс шығарумен шектелмей, одан әрі өңдеу кезеңдерін қамтуы тиіс. Бұл туралы PhD докторы, Ө.А. Байқоңыров атындағы Тау-кен-металлургия институтының профессоры Өмірсерік Байгенженов мәлімдеді.

Ғалымның айтуынша, Қазақстанда кен өндіру мен байыту саласы дамығанымен, металлургиялық қуаттар жеткіліксіз. 2025 жылы ел шамамен 1,42 млн тонна мыс рудасы мен концентратын экспорттаған. Бұл шикізаттың шетелде өңделуі қосылған құнды басқа мемлекеттерге беріп отыр.

Инвестициялық жобаға сәйкес, Балқаштағы жаңа зауытқа 750 млрд теңге көлемінде жеке қаржы құйылады. Құрылысы 2027 жылы басталып, 2030 жылы іске қосылады. 

Жыл сайын 300 мың тонна катодты мыс, 10 тонна алтын, 300 тонна күміс және 1,5 млн тоннадан астам күкірт қышқылы өндірілмек. 1,2 мың тұрақты жұмыс орны ашылады.

Байгенженовтің пікірінше, басты мақсат — катодты мыс өндірісін арттырумен ғана шектелмей, одан кабель, құбыр, сым және электротехникалық өнімдер шығару.

«Қосылған құнды ел ішінде қалыптастыру Қазақстанға үлкен экономикалық және технологиялық тиімділік береді», — дейді ол.

Кеше, 13:45

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью