Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Кристофер Нолан түсірген "Одиссеяның" жарыққа шығуы ежелгі грек мифологиясындағы кейіпкерлер мен құдайлардың есімдеріне деген қызығушылықты қайта оятты. Tengri Life Ұлттық статистика бюросынан Қазақстанда қанша Одиссей, Гектор, Ахиллес, Дионис пен Афина тұратынын және ата-аналардың 2026 жылы жаңа туған нәрестелерге мұндай есімдерді қаншалықты жиі таңдайтынын білді.
Балаларға қандай антикалық есімдер беріледі?
Ежелгі грек мифтеріндегі көптеген есімнің ерекше естілуіне қарамастан, олардың кейбіреулері қазіргі қазақстандықтардың арасында да кездеседі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері Қазақстанда мына есімдер иелері дүниеге келген:
52 қыз балаға Афина есімі берілді (даналық пен соғыс құдайы); 4 Аид (жер асты патшалығының құдайы); 4 Дионис (шарап, мереке және театр құдайы); 1 Гектор (Троя ханзадасы және Троя соғысының басты кейіпкерлерінің бірі); 1 Зевс (Олимптың жоғарғы құдайы); 1 Персей (Медуза Горгонаны жеңген батыр).Афина есімі үлкен айырмашылықпен көш бастап тұр.
Бұл ретте тізімдегі кейбір есімдер негізінен балалар мен жасөспірімдер арасында кездеседі. Мәселен, Қазақстанда тіркелген 83 Дионистің 53-і кәмелетке толмаған. 33 Гектордың 32-сі 18 жасқа толмаған болса, бес Персейдің барлығы - кәмелетке толмағандар.
Кестені Ұлттық статистика бюросы ұсынған
Қазақстандағы ең танымал антикалық есімЕлімізде барлығы 1322 Афина тұрады. Олардың барлығы дерлік әйелдер, алайда статистикада осындай есімді бір ер адам да бар - ол Қарағанды облысында тұрады.
Афина есімі ең көп таралған өңір - Алматы қаласы (348 адам). Тағы 158-і Қарағанды облысында, 119-ы Алматы облысында тұрады.
Одан кейінгі орында Атлас есімі - 124 адам. Бұл есімді әйелдер де, ерлер де иеленген: тиісінше 108 және 16 адам. Атластардың ең көбі Ақтөбе облысында тіркелген.
Үшінші орында Дионис - 83 адам. Олардың 53-і 18 жасқа толмаған. Дионистердің көбі Алматы қаласында, Қарағанды және Жамбыл облыстарында тұрады.
Ең көп таралған антикалық есімдердің тізімі төмендегідей:
Афина - 1322; Атлас - 124; Дионис - 83; Гера - 37; Нестор - 40; Гектор - 33; Одиссей - 30; Кассандра - 25; Аполлон - 20; Ахиллес - 16; Аид - 13; Артемида - 13; Ясон - 10; Ахилл - 8; Афродита - 7; Зевс - 5; Персей - 5; Эней - 4; Андромеда - 3; Гермес - 3. Қазақстанда "Одиссея" кейіпкерлерінің қаншасы тұрады?Гомердің әйгілі эпосымен байланысты есімдердің таралуын бөлек бағаладық:
Одиссей (30 адам): Алматы мен Алматы облысында 4 адамнан, Шымкент пен Ақмола облысында 3 адамнан тұрады. Пенелопа (1 адам): Итака патшасының жалғыз адал жарының есімін иеленген жалғыз тұрғын 60 жастан асқан және ол Ақмола облысында тұрады. Гектор (33 адам): 9 - Алматыда, 4-тен - Алматы және Қарағанды облыстарында. Парис (1 адам): Троялық есім тек ерлерге ғана берілмейді - бұл есімнің жалғыз иегері (18 бен 29 жас аралығындағы әйел адам) Қостанай облысында тұрады. Нестор (40 адам): 9 - Алматыда, 6 - Шымкентте, 4 - Павлодар облысында. Ясон (10 адам): Маңғыстау облысы мен Алматыда 3 адамнан, Шымкентте - 2, Алматы және Қарағанды облыстарында 1 адамнан бар. Эней (4 адам): 3 - Алматыда, 1 - Жамбыл облысында. Тесей (1 адам): Минотаврды жеңген жалғыз кейіпкердің есімі кәмелетке толмаған бір балаға берілген, ол Жетісу облысында тіркелген. Қанша қазақстандық антикалық құдайлардың есімін иеленген?Қазақстандықтар балаларына Олимптың жоғарғы құдайларының есімдерін беруден де қорықпайды:
Гера - 37 адам (ең көп тараған өңірлер - Қостанай және Жетісу облыстары, әрқайсысында 6 адамнан); Аполлон - 20 адам (7 - Алматыда, 3 - Астанада); Артемида - 13 адам (Жетісу, Шығыс Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында 3 адамнан); Аид - 13 адам (Қызылорда және Алматы облыстарында 3 адамнан); Афродита - 7 адам (Атырау облысында 2 адам); Зевс - 5 адам (Абай, Ақтөбе, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында бір-бірден); Андромеда - 3 адам (Ақмола, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында бір-бірден); Гермес - 3 адам (Ақтөбе облысы, Шығыс Қазақстан облысы және Алматы қаласында бір-бірден). "Одиссеяның" табысыКристофер Ноланның "Одиссея" фильмі осыдан бір ай бұрын жарыққа шықты. Сол кезде көрермендер туындының ауқымын, актерлердің шеберлігін, визуалды әсерлері мен дыбысын жоғары бағалады. Көпшілігі бұл экрандау күткендегіден де асып түскенін атап өтті.
Ал сыншылар әсіресе визуалды құрамдас бөлікті, Хойте ван Хойтеманың операторлық жұмысын, Людвиг Йоранссонның музыкасын және қойылым ауқымын ерекше атап өтті.
Фильмге Зендея, Энн Хэтэуэй, Том Холланд, Мэтт Дэймон және Роберт Паттинсон түскен.
Прокаттың алғашқы айында "Одиссея" бүкіл әлем бойынша 1,29 миллиард доллар жинады. Алғашқы апталарда фильм "Өрмекші-адам: Жаңа күн" туындысы шыққанға дейін көш бастап, әлемде кассалық жиынтық бойынша бірінші орында тұрды.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу