Қазақстанда өкпе обырын анықтауға арналған тексерісте 39 адамнан күдік тудыратын өзгеріс табылды

23.08.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қазақстанда өкпе обыры туралы хабардарлықты арттыру апталығы аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Акция аясында 1 287 адам онколог дәрігерлердің кеңесін алып, олардың 914-і кеуде қуысына төмен дозалы компьютерлік томографиядан (ТДКТ) өтті.

Тексеру нәтижесінде 39 адамнан, яғни 4,3%-ынан өкпеде қатерлі үдеріске күдік тудыратын ошақты өзгерістер анықталды. Олар диагнозды нақтылау үшін қосымша тексеруге жіберілді.

Сонымен қатар мамандар 70 адамнан (7,7%) обыр алды өзгерістерді, тағы 433 адамнан (47,4%) басқа да ауруларды анықтады. Акцияға Қазақстан тұрғындарымен бірге шетелде тұратын отандастар да қатысты. Германиядан келген екі қазақстандық та елде болған кезінде тексеруден өткен.

Мамандардың айтуынша, мұндай акциялар ауруды ерте кезеңде анықтап, қажетті емді уақытылы бастауға мүмкіндік береді. Сондықтан өкпе обыры бойынша жоғары қауіп тобына жататын азаматтарға профилактикалық тексеруден өтуді кейінге қалдырмай, дәрігермен кеңесу маңызды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью