Қазақстанда Өңірлік экологиялық саммит өтеді

26.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Іс-шара мақсаты - қоршаған ортаға қатысты мәселелерді шешудің бірлескен практикалық шешімдерін шығару үшін ашық халықаралық платформа құру.

Орталық Азия елдерінен, Еуропалық Одақтан, ШЫҰ-нан және Таяу Шығыстан шамамен 1500 қатысушы ағымдағы мәселелерді талқылау және мемлекетаралық келісімдерге қол жеткізу үшін саммитке қатысады деп жоспарланған.

Саммитте негізгі 8 тақырып бойынша мәселелер талқыланады. Олар:

· Экологиялық жəне табиғи тəуекелдерге бейімделу жəне экономикалық орнықтылық;

· Азық-түлік қауіпсіздігі жəне өңір экожүйесі

· Табиғи ресурстарды орнықты басқару;

· Атмосфералық ауаның ластануымен күрес жəне қалдықтарды басқару;

· Экологиялық амбицияларға қол жеткізу тетіктері;

· Əділетті жəне инклюзивті өтпелі кезең;

· Экологиялық жəне цифрлық құзыреттер;

· Климаттық өтуді қолдау.

Саммит аясында Орталық Азия мемлекет басшылары тарапынан ортақ декларация қабылдау жоспарланып отыр.

2026 жылы БҰҰ-мен серіктестікте Өңірлік экологиялық саммитті (ӨЭС 2026) өткізу ұсынысын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясы барысында жариялаған болатын.

Саммиттің халықаралық серіктестері: БҰҰ, ЭЫДҰ, ХЭА, ХЖЭА, АДБ, ДБ, ЕҚҚДБ, IWMI, SWITCH-Asia.

Орталық Азия елдерінің Өңірлік экологиялық саммиті туралы жыл қорытындысына орай БАҚ өкілдеріне арналған брифингіде Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтқан еді.

Айта кетейік, келесі «Орталық Азия – Жапония» саммиті Қазақстанда өтеді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью