Қазақстанда онкологиялық аурудың алдын алуға арналған қоспа әзірленіп жатыр

17.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Жоба жоғары антиоксиданттық белсенділігі бар, онкологиялық және жүрек-қан тамыры ауруларының алдын алуға ықпал ететін қолжетімді әрі тиімді өнімдер жасауға бағытталған.

Әзірлеменің өзектілігі биологиялық белсенді қосылыстармен байытылған функционалдық тағам өнімдеріне сұраныстың артуымен байланысты.

ББҚ-ның негізгі құрамдас бөлігі — айқын профилактикалық қасиеттерге ие табиғи антиоксидант ликопин. Оның тағам рационында жеткіліксіз болуы иммунитеттің төмендеуіне және созылмалы аурулар қаупінің артуына әсер етуі мүмкін.

Фото: АШМ

— Жоба аясында пайдалы заттарды барынша сақтай отырып, қызанақ пен қарбыздан ұнтақ алу технологиясы әзірленді. Қайта өңдеудің заманауи әдістерін — лиофильді және инфрақызыл кептіруді қолдану шикізаттың түсін, хош иісін және биологиялық құндылығын сақтауға мүмкіндік береді.

Алынған компоненттер негізінде ағзаның белсенді заттарға тәуліктік қажеттілігін қамтамасыз ететін ББҚ-ның оңтайлы құрамы қалыптастырылды. Оның құрамына ликопин, қызанақ ұнтағы, қарбыз ұнтағы, асқабақ дәнінің ұнтағы және мақсары майы кіреді. Мұндай үйлесім жоғары биожетімділікті, айқын антиоксиданттық әсерді және жақсы органолептикалық қасиеттерді қамтамасыз етіп, өнімді тұрақты қолдануға ыңғайлы етеді, — делінген АШМ хабарламасында.

Жобаның практикалық маңызы — қолжетімді отандық шикізат негізінде функционалдық өнімдер өндіру мүмкіндігінде. Әзірлемені іске асыру импорттық қоспаларға тәуелділікті азайтуға, қайта өңдеу өнеркәсібінің шикізат базасын кеңейтуге және агроөнеркәсіптік кешен үшін қосымша өсу нүктелерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Айта кетелік қазақстандықтарға кардиология мен онкологиядағы терапияның жаңа әдістері қолжетімді болады

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью