Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Фото: istockphoto.com
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, биыл бағдарлама аясында бакалавриатқа – 490, магистратураға – 50, ал докторантураға 10 білім беру гранты бөлінген.
«Конкурстық іріктеуге әлемнің 71 елінен 16 098 үміткер қатысты. Өтінім бергендердің елеулі бөлігін Қазақстан азаматтығы жоқ қазақ ұлтының өкілдері – қандастар құрады. Бағдарлама олардың тарихи отанында сапалы білім алуына және Қазақстанмен байланысын нығайтуға мүмкіндік береді», делінген хабарламада.
Министрліктің мәліметінше, биыл бағдарламаға қатысушылардың географиясы айтарлықтай кеңейген. Егер өткен жылы грант иегерлері 26 елден болса, биыл олардың саны 49-ға жетті.
Ең көп өтінім Палестина, Индонезия, Ресей, Өзбекстан және Ауғанстан азаматтарынан түскен. Сонымен қатар биыл алғаш рет АҚШ, Италия, Германия, Мальдив Республикасы және Корея Республикасының азаматтары да Қазақстанның мемлекеттік стипендиясына ие болды.
Биыл автомобиль мамандарын даярлауға 3 мыңнан астам грант бөлінді
Елімізде мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады. Ал жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызда аяқталады.
Еске салайық, биыл бакалавриат мамандықтарына 75 мыңнан астам грант бөлініп отыр.