Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгері өңдеу зауыты салынып жатыр

30.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Жоба өңдеу өнеркәсібін дамытуға және өңір экономикасын әртараптандыруға бағытталған. Екі кезеңді қамтитын жобаның алғашқысында астықты қабылдау, кептіру және сақтау үшін базалық инфрақұрылым құрылды. Қазіргі уақытта пайдалануға берілген. Екінші кезең барысында терең өңдеу өндірістік кешенінің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр.

— Зауыт толық іске қосылғаннан кейін жылына 150 мың тоннаға дейін жүгері өңдеп, 26 түрлі өнім шығаратын болады. Олардың қатарында тағамдық глюкоза, мальтозалы шәрбат, жүгері майы, крахмал және құрама жем бар. Өндіріс қалдықсыз цикл қағидаты бойынша ұйымдастырылып, тек ГМО-сыз табиғи шикізат қолданылады.

Фото: АШМ

Басты мақсат — тұрақты шикізат базасын қалыптастыру. Осыған байланысты өңірде жүгері егіс алқаптарын ұлғайту жұмыстары жүргізілуде. Жаңа алқаптар Түркістан облысының Шардара, Жетісай және Мақтаарал аудандарында игерілуде.

Кәсіпорынның технологиялық жарақтандырылуы 80% деңгейінде автоматтандырылған, бұл өнім сапасын жоғары деңгейде бақылауға, өндірістік шығындарды азайтуға және тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Жоба аясында озық халықаралық технологиялар енгізіліп, шетелдік мамандардың тәжірибесі ескеріледі.

Фото: АШМ

Зауыт өнімдері Қазақстанның ішкі нарығына, соның ішінде тағам және фармацевтика өнеркәсібіне бағытталады, сондай-ақ Азия мен Еуропа елдеріне экспортқа шығарылады. Жүгері крахмалы, шәрбаттар және басқа да өнімдер түрлі өнеркәсіп салаларында кеңінен қолданылады, бұл кәсіпорынның экспорттық әлеует күшейтеді.

Болашақта зауыт қуатын жылына 300 мың тоннаға дейін арттыру және әлемнің 100-ден астам компаниясымен халықаралық әріптестікті тереңдету жоспарланған. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысында 300 млрд теңгеге астықты терең өңдеу зауыты салынатынын жаздық.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью