Қазақстанда орташа айлық табыс 252 мың теңгеден асты

09.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Бұл көрсеткіш 2025 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 11,8%-ға артқан. Алайда тұтыну бағалары индексін ескергенде халықтың нақты табысы небәрі 0,1%-ға ғана өскен.

Ең жоғары орташа номиналды табыс Алматы қаласында тіркелді. Мұнда жан басына шаққандағы айлық табыс 408 182 теңгені көрсетіп отыр.

Одан кейінгі орындарда:

Ұлытау облысы – 353 036 теңге;

Астана қаласы – 352 811 теңге;

Атырау облысы – 323 716 теңге;

Маңғыстау облысы – 288 891 теңге.

Ал ең төменгі көрсеткіштер мына өңірлерде байқалды:

Түркістан облысы – 143 409 теңге;

Шымкент қаласы – 160 951 теңге;

Жамбыл облысы – 166 768 теңге;

Жетісу облысы – 173 876 теңге;

Қызылорда облысы – 178 795 теңге.

Өңірлер арасында номиналды табыстың ең жоғары өсімі Алматы облысында тіркелді – 19,1%. Екінші орында Қарағанды облысы, мұнда көрсеткіш 16,4%-ға артқан.

112 мың теңге: Ел азаматтарының орташа айлық шығыны есептелді

Ұлттық статистика бюросының түсіндіруінше, халықтың номиналды ақшалай табысына тұтынуға, өндірістік қызметке және жинақтауға жұмсалатын қаражат кіреді. Бұл көрсеткіш жалдамалы еңбек пен өзін-өзі жұмыспен қамтудан түсетін табысты, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді қамтитын макроэкономикалық есептеу әдісі арқылы анықталады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью