Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Ұлттық статистика бюросы 2026 жылдың I тоқсанында елдегі жалақы қандай салаларда өскенін жариялады.
Қазақстан бойынша орташа айлық атаулы жалақы 2026 жылдың I тоқсанында 461486 теңгені құрады.
"2025 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім 109,1%-ды, нақты мәнде – 97,7% өсті. Жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2026 жылғы I тоқсанда бағалау бойынша 331527 теңгені құрады", - деп жазылған хабарламада.
2025 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғарғы өсімі мына салаларда байқалады:
ауыл, орман және балық шаруашылығы – 20,3%;
қаржы және сақтандыру қызметі – 18,1%;
сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет – 16,5 %;
электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау – 14,7%;
көлік және жинақтау – 12,9%;
өнеркәсіп – 11,6%.
Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде орташа айлық жалақы – 7,0%-ға, білім беру – 4,2% өсті.
Өңірлік бөліністе 2025 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2026 жылдың I тоқсанында орташа айлық атаулы жалақы ең көп өскен аймақтар:
Абай облысында – 14,2%,
Павлодар облысында – 12,4%;
Жетісу облысында -12,2 %;
Алматы облысында – 10,9%;
Алматы қаласында – 10,7 % -ды құрады.