Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
— Шынымен де кейінгі бірнеше жылда елімізде экзотикалық жемістер өсіріле бастады. Оның ішінде сіз атаған банан, лимон сияқты өнімдер де бар. Қазір бұл жемістер Түркістан облысында өсіріледі. Арнайы жылыжай бар онда. Жылына 1000 тоннаға дейін банан береді. Әрине, бұл бүкіл республиканың қажеттілігін жаба алмайды. Дегенмен, өндіріс көлемін ұлғайтуға барлық жағдай жасалып отыр, — деді ол журналист сауалына берген жауабында.
Департамент басшысы мұндай жобалар Қазақстанды экзотикалық жеміспен толықтай қамтамасыз ете алмайтынын атап өтті.
— Климатқа байланысты ішкі нарықты бұл жемістермен толық қамтамасыз ету өте қиын. Бірақ импортты ішінара болса да алмастыру әбден мүмкін шаруа. Өйткені заманауи технологиялар ондай мүмкіндік беріп отыр. Осыған байланысты жобалар бар. Қолдау бар. Көлемін арттыруды көздейтін жоспарымыз да бар, — деді Назгүл Хатепова.
Бұған дейін Түркістан жылыжайында банан екінші рет жеміс бергенін жазған едік.