Қазақстанда өзіңізбен бірге алып жүретін кофе бағасы қанша

04.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Қазақстан қалаларында желілік және шағын кофеханалар саны күн санап артып келеді. Бағаны салыстыру кезінде көлемі 0,5 мл болатын капучино мен латте таңдалды. Кофенің дәл осы екі түрінің бағасын салыстырдық.

Коллаж: canva/ kazinform

Баға Алматы қаласында төмен болып шықты. Шағын кофеханада латте мен капучиноны 600 теңгеге сатып алуға болады. Ал желілік нысандарда баға біршама жоғары. Орта есеппен көлемі 400 – 480 мл болатын екі түрлі кофені 1 190 – 1 695 теңгеге сатып алуға болады. Кейбір кофеханада баға 1 900 – 2 200 теңгеге жетті. Авторлық және сапасы жоғары кофе бағасы осындай.

Орал қаласында да латте мен капучиноны 700 теңгеге сатып алуға болады. Көлемі 300 – 400 мл болатын кофенің орташа бағасы қазір 1 400 – 1 600 теңге болып тұр. Бұл сұранысы жоғары әрі кең таралған түрі. Ал танымал кофехана желісіндегі баға – 1 600 – 1 700 теңге.

Қарағандылықтар латтені 750 – 1 300 теңгеге, ал капучиноды 850 – 1 500 теңгеге сатып ала алады. Баға кофеин, оның көлемі мен кофеханаға байланысты өзгеріп отырады.

Жезқазғанда латте бағасы – 850 – 1 500 теңге, ал капучино – 1 000 – 1 600 теңге.

Талдықорғандағы кофеханадан капучино таңдасаңыз 950 – 1 150 теңге, латтеге 900 – 1 150 теңге төлейсіз. Көлемі кішкентай экспрессоны 500 теңгеге, екі еселеп 700 теңгеге сатып алуға болады. Ал американо бағасы – 850 – 950 теңге. Әрі қарай моккачино мен раф бағасын білдік. Бағалары орта есеппен – 1 100 – 1 300 теңге болса, маршмеллатте немесе раф секілді авторлық нұсқасы – 1 200 – 1 400 теңге. Мұз қосылған американо құны 1 150 теңге болса, бамбл немесе эспрессо-тоник нұсқасы 1 650 теңгеге саудаланады.

Павлодарда кофеханаларында капучино мен латте бағасы шамамен 990 – 1 490 теңге.

Қостанайда классикалық латте 990 – 1 300 теңге, капучино 990 – 1 400 теңге, американо 800 – 1 100 теңге, эспрессо 600 – 700 теңге. Ал раф пен моккачино құны – 1 200 – 1 600 теңге.

Көкшетауда келушілерге M және L көлемді латте пен капучино ұсынылады. Екі сусынның классикалық түрін шамамен 1 100 тг (M) және 1 190 тг (L) сатып алуға болады. Кофеге қосатын сүттің түріне (бадам, кокос) қарай шағын көлемдісі 1 390 – 1 690 теңге, үлкені 1 500 – 1 790 теңге болып тұр. Сонымен бірге шәрбат 150 теңге, кілегей 250 теңге. Кофехана желілерінде баға 990 теңгеден басталады.

Тараз қаласында өзіңмен бірге алып жүретін кофе бағасы – 1 190 – 1 590 теңге аралығында. Сауда-ойын-сауық орталықтарында көлемі 450 мл болатын кофені 1 190 теңгеге сатып алуға болады. Ал танымал желілердегі латте мен капучино бағасы шамамен – 1 590 теңге. Жастар жиі баратын «сәнді» орындарда баға – 1 390 теңге. Университет ішіндегі кофеханада да көлемі 450 мл болатын кофе бағасы шамамен 1 390 теңге болып тұр. Егер сүт немесе шәрбатты қоссаңыз, үстіне 500 – 600 теңге қоса есептеп береді. Сөйтіп кофе бағасы кейде 2 490 теңгеге жетеді.

Петропавлда көлемі 350 мл болатын капучиноны шамамен 1 100 – 1 200 теңгеге, 450 мл латтені 1 200 – 1 300 теңгеге сатады. Ал раф бағасы шамамен 1 600 теңге, американо 1 100 теңге. Егер қаласаңыз шәрбат (200 тг) немесе кокос, бадам, сұлы сүтін (900 тг) қосуға болады. Экспрессо мен американо секілді классикалық түрінің бағасы 800 теңгеден басталады.

Инфографика: Kazinform

Астана қаласында өзіңмен бірге алып жүретін капучино мен латтенің орташа бағасы – 1 100 – 1 500 теңге. Ал танымал орындарда көлемі, дәні мен түрлі қоспаларына қарай баға 1 800 – 2 500 теңгеге жетеді. Кофе автоматтарында сергіткіш сусынды 800–900 теңгеге сатып алуға болады.

Қонаев қаласында капучино мен латтені 1 100 – 1 400 теңгеге сатып алуға болады. Ал раф немесе авторлық сусын түрін 1 500 – 1 800 теңгеге ұсынады. Мұз қосылған латте мен фраппенің бағасы – 1 300 теңге және одан жоғары. Классикалық американо бағасы шамамен – 900 – 1 200 теңге.

Ақтөбеліктер үшін өзіңмен бірге алып жүретін кофе бағасы – 1 100 – 1 300 теңге (латте мен капучино). Эспрессо кофесінің бағасы 750 – 890 теңге, американо – 990 – 1 250 теңге, капучино – 1 100 – 1 300 теңге (кейбірінде баға 1290 теңге және одан төмен), латте – 1 150 – 1 300 теңге (кейбірінде 1 390 теңге және одан төмен), флэт уайт шамамен 1 150 – 1 390 теңге, ал раф бағасы – 1 500 – 1 590 теңге аралығында.

Семейдегі автоматтарда баға 700 теңгеден басталса, кофеханадан 1 100 – 1 200 теңгеге сатып алуға болады. Әрі кеткенде шамамен 1 500 теңге болады.

Қызылордада капучино бағасы 1 190 теңге, ал латте 1 290 теңгеден басталады. Түркістанда бағасы сәл жоғары. Екі кофенің бағасы шамамен – 1 190 – 1 590 теңге.

Шымкент қаласында капучино бағасы шамамен 1 100 – 2 200 теңге, латте 1 300–2 000 теңге. Бағаға дән, сүттің түрі, сонымен бірге кофехананың орналасқан жері әсер етеді. Қала орталығындағы сауда-ойын-сауық орталықтарындағы баға жоғары.

Ақтауда өзіңмен бірге алып жүретін кофе бағасы 1300 – 1 600 теңге аралығында. Бұл көлемі 0,5 л болатын латте мен капучино құны.

Өскеменде екі түрлі кофенің бағасы 1 500 теңге, ал мейрамханаларда 2 000 – 2 500 теңге. Автоматтан алсаңыз 800 теңге төлейсіз.

Атырау қаласындағы кофеханалар көлемі 300-400 мл болатын капучиноны 1 400 – 1 600 теңгеге, латтені 1500–1650 теңгеге, флэт уайтты шамамен 1290 теңгеге, ал рафты 1 700 – 1 800 теңгеге сатады. Айс-кофе мен фраппучино бағасы көлемі мен құрамына қарай – 1 700 – 2 850 теңге.

Бұған дейін ұлттық тәттілер бағасы туралы жазылды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью