Қазақстанда пайызсыз ипотека мәселесі қарастырылып жатыр

17.02.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

"Бәйтерек" холдингінің басқарма төрағасы Рүстам Қарағойшин Қазақстанда исламдық ипотеканы іске қосу мәселесіне тоқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бәйтерек" холдингінің басқарма төрағасы Рүстам Қарағойшин Қазақстанда исламдық ипотеканы іске қосу мәселесіне тоқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағойшиннің сөзінше, азаматтар тарапынан мұндай "қаржылай шешімдерге" сұраныс түсіп жатыр. Оны енгізу мүмкіндігі халықаралық институттармен бірлесіп зерттеліп жатыр.

"Өздеріңіз білетіндей, біздің құрылымда "Отбасы банк" - халықпен тікелей жұмыс істейтін еншілес ұйымдардың бірі. (…) Әрине, қоғамда белгілі бір қағидаларды ұстанатын азаматтар бар. Сондықтан мұндай өтініштер түседі және бұл бағыт қазір пысықталып жатыр. Нақты іске қосу мерзімі әзірге бекітілген жоқ. Осы бағытта бірнеше халықаралық институтпен меморандумдарға да қол қойдық", - деді ол.

Анықтама: Исламдық ипотека - шариғат талаптарына сай тұрғын үй сатып алу тәсілі, мұнда пайыз (өсім) есептеуге тыйым салынады. Классикалық пайыздық несие орнына өзге тетік қолданылады. Мысалы, банк тұрғын үйді өзі сатып алып, кейін тұтынушыға үстеме бағамен бөліп төлеуге сатады немесе үйді тұтынушымен ортақ меншікке алып, кейін оның үлесін біртіндеп толықтай өзіне өткізуіне мүмкіндік береді. Негізгі қағида - пайызсыз, шарттардың ашық болуы және тәуекелді тараптардың бөлісуі.

Холдинг басшысы қазір бұл зерттеу сатысында екенін атап өтті.

"Әзірге зерттеп жатырмыз. "Отбасы банк" азаматтарға мұндай шешімді қандай жолмен ұсына алатынын қарастырып жатырмыз. Әзірге бұл - пысықтау үстіндегі жұмыс", - деп қосты ол.

Қарағойшин исламдық ипотека шамамен қашан қосылатынын айтқан жоқ.

"Біз тіпті ондай мұндай ипотеканы іске қосамыз деп те нақты айта алмаймыз. Өйткені "Отбасы банк" жүйесінің негізгі өзегі - мемлекеттік бағдарламалардан бөлек - дәл осы жинақ жүйесі. Ал исламдық ипотека жинақ жүйесінен біршама ерекшеленеді. Біздің жинақ жүйеміз Германиядағы модельге ұқсас. Сондықтан қараймыз, зерттейміз, содан кейін ғана шешім қабылдаймыз", - деп түйіндеді холдинг басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью