Қазақстанда пәтер жөндеу: құны, мерзімі және несие мүмкіндіктері

25.04.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Жасұлан Мәтеновтың сөзінше, 40 шаршы метрлі 1 бөлмелі пәтерді толық жөндеуге шамамен 1-1,5 ай уақыт кетеді.

Фото: видеодан салынған скрин

– 40 шаршы метрлік бір бөлмелі пәтердің жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 1-1,5 ай уақыт кетеді.

Тұтынушылардың ең негізгі өтініштері – есіктегі электронды құлыптың құпия кодын ауыстыру. Бірінші нарықтағы пәтерді алып жатқан кезде қайта жоспарлауға бола ма? Оны қалай істейміз? Кімге барамыз? Осындай сұрақтармен де жиі келеді, - дейді ол.

Сондай-ақ ол жөндеу жұмыстарының қалай жүргізілетінін атап өтті.

– Пәтерді алған соң ең бірінші жұмыс тоқ жүргізуден басталу керек. Тоқтан кейін еденді істеу жұмыстары басталады. Әрі қарай әрлеу жұмыстарымен жалғасады. Ең соңында керме төбемен түйіндейміз. Сосын ылғалды тазалық жұмыстарын жүргізіп, жиһаздарды кіргізу керек. Содан соң пәтер дайын, - деді маман.

Құрылысшы жаңа үйлерде жөндеуді бастамас бұрын дизайн жобасын анықтау маңызды екенін де айтты.

– Жаңа салынып біткен үйлерге жөндеу жұмысын бастамай тұрып дизайнын анықтау міндетті. Дизайнсыз жұмысты бастай алмаймыз. Сол дизайнға қарап, пәтердегі жөндеу жұмыстары басталады. Дизайнның алдын ала дайын болғаны құрылысшылар үшін де тиімді, - деп қосты Жасұлан Мәтенов.

Оның айтуынша, жөндеу жұмыстарының құны әр үй иесінің мүмкіндігіне байланысты.

– Мәселен бизнес санатындағы үйлерді соңғы трендтермен жөндегіңіз келсе 10 миллионға дейін шығын шығады. 40 шаршы метрлік 1 бөлмелі пәтерді орта есеппен 5 миллионға жөндеуге болады. Оның ішіне тоқ жүргізу, еден, әрлеу, есік, жуыну бөлмесіндегі құрылыс жабдықтары, керме төбе кіреді, - деді ол.

Сонымен қатар ол жөндеу алдында нарықты зерттеуге кеңес берді.

– Ең әуелі қажетті құралдардың тізімін жазып шығып, нарықтағы бағаны салыстыру керек. Сосын қай жақта арзан болса, сол жақтан сатып алған дұрыс, - деді маман.

Құрылысшы жөндеу барысында жиі жіберілетін қателіктерге де тоқталды.

– Жөндеу жұмыстарын жүргізген кездегі ең басты қателіктер арзан құрылыс материалдарды алу. Ең бірінші электр кабельдерінен ақшаны аямау керек. Өйткені өрт қаупі бар. Кабельдердің ең қымбатын таңдау қажет. Әрлеу жұмыстарына қатысты гипсті де үнемдеуге болмайды. Өйткені сапасыз гипстер уақыт өте құлайды. Бұл екі жұмыс болады, - деп ескертті Жасұлан Мәтенов.

Бағдарламада тұрғын үйді жөндеуге несие алу мүмкіндіктері де сөз болды. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ орталық филиалы басшысының орынбасары Дәрия Бәтенова түсіндірді.

Фото: видеодан салынған скрин

– Біздің тұтынушыларымыз жөндеу жүргізілмеген үй алған жағдайда оларға қосымша қаражат керек болады. Мұны несиеге қажетті бір өтінішпен ақ реттеуге болады. Мысалы сіз 30 миллионға үй алмақ болсаңыз, 35 миллионға дейін несие ала аласыз. Бірақ ол үшін шотыңызда сол қаржының жарты ақшасы жинаулы тұру керек. Егер сіздің атыңызда бұрыннан тұрып жатқан үйіңіз болса, оған жөндеу жұмыстарын жүргізу керек болса, ол үйге де 3,5-8,5 пайыз аралығында несие ала аласыз. Ол үшін қаржының жартысы жинаулы болу қажет, - деді Дәрия Бәтенова.

Айта кетейік, Орал қаласында заңсыз деп танылған бірнеше құрылыс нысаны бұзылды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью