Қазақстанда пойыздардың 90% ы мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайланды

21.04.2026

Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Нұрлан Сауранбаев

Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мүгедектігі бар азаматтар үшін көлік қызметтерінің қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстарды баяндады. Бүгінде теміржол құрамдарының 90%-ы арнайы құрылғылармен жабдықталған.

Министрліктің жұмысы инклюзивті саясат тұжырымдамасы аясында үш негізгі бағытта жүріп жатыр: инфрақұрылымды жаңғырту, көліктерді бейімдеу және қызмет сапасын жақсарту.

Теміржол: Жеңілдіктер мен арнайы вагондар

Теміржол саласы инклюзивтілік бойынша жоғары көрсеткіш көрсетіп отыр. 120 құрамның 99-ы (90%-ы) көтергіштермен және арнайы купелермен жабдықталған. 2030 жылға қарай әрбір пойыз құрамында кемінде бір бейімделген вагон болады. Пандустар, лифтілер орнатылып, кассалар мен санитарлық бөлмелер мүгедектігі бар жандардың қажеттілігіне сай қайта жасалуда. Жолаушылар үшін билет құнына 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған. ЖСН арқылы арнайы орындарға билетті онлайн алуға болады.

Азаматтық авиация саласында жолаушыларды отырғызу мен түсіру процесі жеңілдетілуде. Қазір 10 әуежайда 13 амбулифт жұмыс істеп тұр. Жыл соңына дейін Шымкент, Семей, Ақтау, Орал, Талдықорған және Жезқазған әуежайлары осындай техникамен толығады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша әуе көлігімен 9,9 мың мүгедектігі бар жолаушы тасымалданған.

Қалалық көлік және инватакси

Автомобиль көлігі саласында да оң динамика байқалады. Қалалық автобустардың 79%-ы және автовокзалдардың 78%-ы қолжетімділік талаптарына сәйкес келеді. Инветакси қызметінің автопаркі 39%-ға ұлғайып, 1426 бірлікке жетті.

«Біздің мақсатымыз – елімізде азаматтардың көлік қызметтеріне тең қолжетімділігін қамтамасыз ететін, заманауи және кедергісіз орта қалыптастыру», — деп атап өтті Нұрлан Сауранбаев.

Министрлік алдағы уақытта тасымалдау қағидаларын одан ары жетілдіріп, инфрақұрылымды толықтай инклюзивті етуді жоспарлап отыр.

Бүгін, 11:06

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью