Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Оның айтуынша, қазіргі реттеу жүйесі қалдықтардың барлық түрін қамтымайды. Бұл басқару ісінде жүйелік олқылықтарға әкеліп отыр.
– Бүгінде коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларынан басқа нақты салалық ережелер жоқ деуге болады. Ал жалпы шамамен 20 түрлі қалдық бар. Оның ішінде күнделікті кездесетін 9 түрі бар – құрылыс және медициналық қалдықтарды қоса алғанда. Бұдан бөлек, шамамен 60-қа жуық қосалқы түрі бар. Бірақ олардың барлығы тек коммуналдық қалдықтарды басқару қағидалары аясында ғана реттеліп отыр, – деді Данияр Байғараев.
Ол негізгі өзгеріс кешенді әрі бірыңғай реттеу жүйесіне көшу болатынын атап өтті.
– Бұл реформа аясында әртүрлі қалдық түрлерін басқарудың бірыңғай ережелерін қалыптастырамыз. Кейбір бағыттарда нақты қалдық түрлеріне жеке реттеу енгізіледі, ал кей жағдайда ортақ ережелермен біріктіріледі. Ең бастысы – барлық қалдық түзушілерге, нарық қатысушыларына және мемлекеттік органдарға ортақ талаптар пайда болады, – деп түсіндірді ол.
Реформада саланың экономикалық әлеуетіне және қалдықтар нарығын қалыптастыруға ерекше мән беріліп отыр.
– Реформаның негізгі мақсаты – табыс әкелетін, жұмыс орындарын ашатын және қалдықтар нарығын қалыптастыратын жаңа саланы құру. Іс жүзінде мұндай нарық Қазақстанда алғаш рет қалыптасқалы отыр, – деді «Жасыл Даму» өкілі.
Сонымен қатар реформаны іске асыру экологиялық реттеудің тиімділігін арттырып қана қоймай, елдегі «жасыл» экономиканы дамытудағы маңызды қадамға айналады.
Бұған дейін елімізде қалдықтарды өңдеу орталығы құрылатынын жазғанбыз.