Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақстандағы қант нарығына талдау жүргізуді аяқтады.
2025 жылдың қорытындысы бойынша ішкі нарықтағы қанттың 70,4%-ы импортқа, ал 29,6%-ы отандық өндіріске тиесілі болды. Бұл қант саласының импортқа тәуелділігі сақталып отырғанын көрсетеді.
Сонымен қатар талдау барысында шикізат базасы мен қайта өңдеу қуаттарын дамыту арасындағы теңгерімсіздік, сондай-ақ биржалық сауданы бақылауды күшейту және қанттың реэкспортын мониторингтеу қажеттігі анықталды.
"Талдау қорытындысы бойынша агенттік қантты көтерме саудада өткізетін субъектілерге монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері бойынша 9 хабарлама енгізді", - деп хабарлады агенттікте.
Сондай-ақ мемлекеттік органдарға отандық өндірісті және шикізат базасын дамыту, ұзақ мерзімді келісімшарттар енгізу және ішкі нарықтың импортқа тәуелділігін төмендету бойынша ұсыныстар жолданды.