Қазақстанда Қазақ ұлттық спорт университеті ресми жұмысын бастады

02.07.2026

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Қазақ ұлттық спорт университеті салтанатты түрде ашылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Астанада Орталық Азиядағы спорт ғылымы мен жоғары білікті мамандар даярлау бағытындағы ең ірі білім беру жобаларының бірі – Қазақ ұлттық спорт университетінің ресми ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты шара New Era of Sport: KNUS 2026 халықаралық форумы аясында ұйымдастырылып, оған мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық спорт федерацияларының басшылары, олимпиадалық қозғалыс мүшелері және академиялық қауымдастық өкілдері қатысты.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, Біріккен күрес әлемі ұйымының (UWW) президенті Ненад Лалович, Халықаралық киберспорт федерациясының (IESF) президенті Влад Маринеску, Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) өкілі Рафал Пехота, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың басшылары, шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері, ұлттық спорт федерацияларының жетекшілері, ғалымдар мен сарапшылар қатысты.

Университетті соңғы бес жыл бойы жүйелі түрде жаңғырту жұмыстарының алғашқы кезеңінің аяқталғанын білдіретін маңызды оқиға – жаңа кампустың ашылуы болды. Осы уақыт ішінде оқу орны халықаралық әріптестігін кеңейтіп, ғылыми әлеуетін нығайтып, жоғары жетістіктер спорты, бұқаралық спорт және спорт индустриясы үшін мамандар даярлайтын заманауи білім беру экожүйесін қалыптастырды.

Қазақ ұлттық спорт университетінің құрылтайшысы Нұрасыл Медеу жаңа университеттің ашылуы Қазақстанда спорт саласына арналған заманауи білім беру және ғылыми платформаны қалыптастыру жолындағы бес жылдық жүйелі жұмыстың нәтижесі екенін атап өтті. Оның айтуынша, университет уақыт талабына жауап беретін білім ордасы ретінде құрылып, бүгінде халықаралық деңгейде ел намысын қорғай алатын жаттықтырушыларды, ғалымдарды, спорт дәрігерлерін, педагогтер мен спорт менеджерлерін даярлайтын маңызды орталыққа айналып келеді.

«Бес жылдың ішінде университет білімге ұмтылыс, талант пен еңбек тоғысқан үлкен орталыққа айналды. Бүгін біз берік іргетас қалағанымызды мақтанышпен айта аламыз. Алдымызда бұдан да ауқымды жетістіктер, халықаралық мойындалу, ғылым мен спорттағы жаңа жеңістер күтіп тұрғанына сенімдімін. Қазақ ұлттық спорт университеті озық білім мен инновацияның, болашақ чемпиондар мен ел көшбасшыларын тәрбиелейтін маңызды орталыққа айналады», – деді университеттің құрылтайшысы Нұрасыл Медеу.

Шара барысында Біріккен күрес әлемі ұйымының (UWW) президенті Ненад Лалович Қазақстанның әлемдік күрес спортының дамуына қосып отырған үлесін жоғары бағалап, халықаралық талаптарға сай спортшыларды, жаттықтырушыларды және спорт менеджерлерін даярлайтын заманауи білім беру базасының маңыздылығына тоқталды.

Өз кезегінде Халықаралық киберспорт федерациясының (IESF) президенті Влад Маринеску ұлттық спорт университетінің ашылуы дәстүрлі спорттың, цифрлық технологиялардың және инновациялық білім берудің тоғысуына негізделген жаһандық үрдістің айқын көрінісі екенін айтты. Оның сөзінше, бүгінгі таңда киберспорттың дамуы мықты ғылыми және академиялық негізсіз мүмкін емес, ал Қазақ ұлттық спорт университетімен әріптестік болашақ мамандарды даярлауда жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью