Қазақстанда қолма қол ақшасыз төлем көлемі 194 трлн теңгеге жетті

17.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Фото: Ерлан Омар

Оның айтуынша, соңғы он жылда еліміздегі қолма-қол ақшасыз төлемдердің көлемі 116 есеге өсіп, 194 триллион теңгеге жеткен.

«Қазіргі уақытта қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 90 пайыздан асып отыр. Елімізде шот ашу, ақша аудару және несие рәсімдеу секілді негізгі қаржылық қызметтердің басым бөлігі толықтай онлайн форматта қолжетімді. Осы бағыттарды бірыңғай стратегия негізінде дамыту мақсатында Ұлттық банк Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын қалыптастырып жатыр», деді Тимур Сүлейменов.

Ұлттық банк төрағасының сөзінше, жоба өзара байланысты бірнеше маңызды платформаны біріктіреді. Атап айтқанда, оның құрамына Ұлттық төлем жүйесі, банкаралық төлемдер мен ақша аударымдары жүйесі, қауіпсіз деректер алмасу және алаяқтықтан қорғау тетіктері, қашықтан биометриялық сәйкестендіру, цифрлық теңге және азаматтарға өз қаржысы мен деректерін өз келісімі негізінде басқаруға мүмкіндік беретін Open Banking (ашық банкинг) платформалары кіреді.

Қазақстанда бірыңғай QR-төлем жүйесі қашан іске қосылады?

Еске сала кетейік, бұған дейін Тимур Сүлейменов валюта бағамына қатысты пікір білдіріп, теңгенің Ұлттық банктің араласуынсыз-ақ нығайып келе жатқандығын атап өткен еді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью