Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Қазақстанда қорқорға салынған тыйымды қайта қарау мүмкіндігі талқыланып жатыр. Жағдайға қатысты денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова пікір білдір, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазақстанда қорқорға салынған тыйымды қайта қарау мүмкіндігі талқыланып жатыр. Жағдайға қатысты денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова пікір білдір, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Журналистердің сұрақтарына жауап берген министр түпкілікті шешім әлі қабылданбағанын, бірақ мәселе үкіметтің қарауында екенін айтты.
"Бұл шынымен де өзекті, маңызды мәселе. Қазір пікірлер екіге бөлінді. Әзірге түпкілікті шешім жоқ. Кезінде Қазақстан кальянға толық тыйым салу жолын таңдаған болатын. Сонымен қатар, бүгінгі тәжірибе көрсеткендей, түтінсіз орта принциптері сақталмай, соның ішінде балалар мен өзге де келушілердің көзінше кальян шегу жалғасып жатыр", - деді министр форум кулуарында.
Ол дәл осы жағдай ықтимал өзгерістерді талқылауға себеп болғанын атап өтті.
"Сондықтан тиісті ұсыныстар түсті. Бүгінде үкімет қарап жатыр. Әзірге түпкілікті шешім шыққан жоқ", - деп толықтырды Әлназарова.
Сондай-ақ журналистер бұрын қабылданған шешімдердің неге қайта қаралуы мүмкін екенін сұрады.
"Бұл - халықаралық тәжірибе, яғни қабылданған заңдардың құқық қолдану механизмін талдау. Белгілі бір нормалар жұмыс істемесе немесе тиімділігі төмен болса, олар қайта қаралады. Мұндай талдау жүргізу үшін жеткілікті уақыт өтті", - деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.
Оның айтуынша, кез келген өзгерістер халықтың мүддесін ескере отырып қабылданады. Атап айтқанда, "халық денсаулығының мүддесі үшін".
Бизнес тарапынан ықтимал лоббиге қатысты сұраққа жауап бере отырып, министр мұндай факторлардың жоқтығын мәлімдеді.
"Меніңше, лобби мәселесі жоқ. Кем дегенде, қауымдастықтар немесе бизнес тарапынан мұндай сұраныстар болған жоқ. Бұл, керісінше, осындай қорытындыға эволюциялық жолмен келген жекелеген сарапшылардың пікірі", - деді Әлназарова.
Сондай-ақ ол талқылау барысында халықаралық тәжірибе қарастырылып жатқанын айтты.
Мән-жайы"Кейбір елдердің мысалында темекі мен алкогольден түсетін акциздер денсаулық сақтау мен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталады. Бірақ мұның бәрі әлі талқыланып жатыр, түпкілікті шешім жоқ", - деп түйіндеді министр.
Еске сала кетейік: 2024 жылғы 19 сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды.
Заңмен шегілмейтін темекі бұйымдарын, вейптерді, оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сатуға, таратуға, сондай-ақ оларды жарнамалауға тыйым салынды.
Түзетулер Қазақстанда вейптерге, оларға арналған сұйықтықтарға, сондай-ақ соруға, шайнауға және иіскеуге арналған темекіге (снюс) тыйым салады.
Кальяндарға қатысты осы көктемде Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда оларға толық тыйым салу мәселесі талқыланып жатқанын хабарлаған болатын. Министрлік өкілдері сол кезде қазақстандықдың айыппұлдардың төмендігінен кальян шегуге тыйым салатын заңды сақтамайтынын айтқан еді.