Қазақстанда Құрылтай есімді қанша адам тұрады

21.08.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда Құрылтай есімін және оның түрлі нұсқаларын иемденген қанша адам бар екенін мәлімдеді. Толығырақ Tengri Life материалында.

Бюро мәліметінше, елімізде Құрылтай есімімен аталатын жандар өте сирек кездеседі.

"2026 жылғы тамыздағы жағдай бойынша 10 азамат Құрылтай, Курылтай, Курултай және Курлтай есімдерімен тіркелген. Олардың алтауы – ер адам, төртеуі – әйел", - делінген хабарламада.

Құрылтай есімі мен оның нұсқаларын иемденгендердің басым бөлігі Шығыс Қазақстан облысында тұрады – төрт адам. Тағы екі адам Алматыда тіркелген. Абай, Жамбыл, Қарағанды және Маңғыстау облыстарында бір-бір адамнан бар.

Сирек есімге ие 10 адамның бесеуі 65 жастан асқандар тобына жатады. Олардың ең үлкені – 80 жаста. Сондай-ақ, 30-34, 50-54, 55-59 және 60-64 жас аралығындағы топтарда бір-бір адамнан тіркелген.

Бұған дейін Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда Абай есімімен 18 961 адам тіркелгенін хабарлаған болатын. Бұл есімді иемденгендердің ең көбі Астана қаласында тұрады - 2 186 адам. Екінші орында Түркістан облысы - 2 008 Абай, үшінші орында Алматы қаласы - мұнда осы есіммен 1 740 адам тіркелген.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью