Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Қазақстанда өндірістік базаны нығайтуға және ішкі нарықты стратегиялық маңызы бар өнімдермен қамтамасыз етуге бағытталған ірі индустриялық жобаларды жүзеге асыру жалғасып жатыр. Осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі – 2025 жылы Qarmet компаниясы бастаған жаңа сорттық илемдеу станының құрылысы.
Болашақ өндірістің жобалық қуаты жылына 539 мың тоннадан астам дайын металл прокатын құрайды. Бұл құрылыс арматурасын өндіру көлемін едәуір арттырып қана қоймай, сорттық прокатқа деген ішкі сұранысты толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Фото: QarmetЖобаның технологиялық серіктесі – металлургиялық кәсіпорындарды жобалау, салу және жаңғырту саласында әлемдік деңгейде танылған көшбасшылардың бірі саналатын Capital Engineering & Research Incorporation Limited (CERI) инжинирингтік компаниясы. Әріптестік жобаны толық циклде іске асыруды көздейді – жобалық құжаттаманы әзірлеуден бастап, жабдықтарды жеткізу, монтаждау және іске қосу-жөндеу жұмыстарына дейін.
Бұл жобаны іске асыру Қазақстанның өнеркәсіптік тәуелсіздігін қалыптастырудағы маңызды кезең ретінде қарастырылады. Жаңа стан іске қосылғаннан кейін металл өнімдерінің импортына тәуелділік айтарлықтай қысқарып, ұлттық экономиканың сыртқы сын-қатерлерге төзімділігі артады деп күтіліп отыр.
Жобаны жүзеге асыруда сапа мен технологиялық талаптарды сақтау басты назарда. Міндеттерді орындау үшін CERI Қытай мен ТМД елдерінде жобаларды іске асыру тәжірибесі дәлелденген халықаралық мердігерлерді тартады. Бұл барлық кезеңде жұмыстың жоғары деңгейде орындалуын қамтамасыз етеді.
Фото: Qarmet– 2025 жылдан бастап Qarmet металлургиялық комбинат аумағында жаңа сорттық прокат станының құрылысын жүзеге асырып келеді. Бүгінде біз бас серіктесіміз – CERI компаниясымен бірлесіп, цех құрылысына қажетті жабдықтар мен материалдардың негізгі жеткізушілерін анықтадық. Қажетті көлем, жабдықтарды өндіру және жеткізу кестесі бекітілді. Цехты осы жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр, - деп бөлісті Qarmet компаниясының күрделі құрылыс жөніндегі директоры Алексей Сидоренко.
Қазіргі уақытта тараптар негізгі жабдықтарды жеткізу бойынша келісімдерге қол жеткізді. Сонымен қатар өндіріс, логистика және монтаж жұмыстарының кестелері кезең-кезеңімен пысықталуда. Бұл барлық үдерісті үйлестіріп, ықтимал тәуекелдерді барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Жұмыстың тағы бір маңызды бағыты – техникалық шешімдерді өндірістік алаңның ерекшеліктері мен қолданыстағы инфрақұрылым талаптарына бейімдеу. Мұндай тәсіл жаңа өндірісті қолданыстағы өнеркәсіптік жүйеге тиімді кіріктіруге жағдай жасайды.
Жоғары технологиялық өндірушілерді тарту және жобаны жүзеге асырудың барлық кезеңінде қатаң бақылау жүргізу Qarmet компаниясының жауапкершілік деңгейінің жоғары екенін көрсетеді. Нәтижесінде жаңа өндіріс табысты іске қосылып қана қоймай, елдің металлургия саласына ұзақ мерзімді оң әсерін тигізеді деп күтіліп отыр.
Фото: QarmetСарапшылардың пікірінше, мұндай жобалар тұрақты өнеркәсіптік өсімнің негізін қалыптастырып, жаңа жұмыс орындарын ашады және Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттырады. Болашақта сорттық прокат станының іске қосылуы ел ішінде толық циклді металлургиялық өндірісті қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болмақ.