Қазақстанда құрылыс жанданды: қай өңірлер көш бастады

17.04.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Бюроның мәліметінше, құрылыс жұмыстары көлемінің өсуі негізінен құрылыс нысандарын салу және жөндеу жұмыстарының ұлғаюымен (37,5%-ға) байланысты.

— Орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең үлкен үлес автомобиль және теміржол жолдарын, сондай-ақ метрополитенді салу жұмыстарына (жалпы көлемнің 25,5%), тұрғын емес ғимараттар (22%) мен тұрғын үйлер (11,6%) құрылысына тиесілі, — делінген хабарламада.

Өңірлік бөліністе құрылыс жұмыстары көлемінің өсуі республиканың 16 өңірінде байқалды.

Айтарлықтай өсім:

Ұлытау облысында (2 есе), Жамбыл облысында (52,7%), Павлодар облысында (26,6%), Маңғыстау облысында (23,1%), Қызылорда облысында (22%-ға), Батыс Қазақстан облысында (17,4%-ға), Түркістан облысында (17,4%), Шығыс Қазақстан облысында (15,9%),  Шымкент (49,2%), Алматы қалаларында (22,7%) тіркелген.

2026 жылғы қаңтар-наурыз айларында пайдалануға берілген жаңа нысандардың жалпы алаңы 4 846,9 мың шаршы метр болды. Тұрғын үйдің жалпы алаңы 2025 жылғы қаңтар–наурызбен салыстырғанда 3,8%-ға өсіп, 3 869,4 мың шаршы метрге жетті.

Бұдан бұрын елімізде құрылыс күрделілігін бағалаудың жаңа өлшемшарттары бекітілгенін жаздық.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью