Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 14,5% ға өсті

18.05.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Елде биыл орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 14,5%-ға өсті, деп хаарлады ұлттық статистика бюросы.

"2026 жылдың қаңтар-сәуірінде орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 14,5%-ға өсіп, 1739,5 млрд теңгені құрады", - деп жазылған хабарламада.

Құрылыс жұмыстары көлемінің 2025 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда ұлғаюы ғимараттар салу (41,2%), сондай-ақ құрылыс және жөндеу жұмыстары көлемінің артуымен байланысты.

Құрылыс жұмыстарының түрлері бойынша ең көп үлесті автомобиль және теміржолдар, сондай-ақ метро құрылысы (жалпы көлемнің 26,4%), тұрғын емес ғимараттарды салу (21,2%) және тұрғын үйлерді салу (11,3%) құрайды.

Пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 6334,1 мың шаршы метрді құрады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью