Қазақстанда құжатсыз ет сатқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

13.12.2025

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 13 желтоқсан - Sputnik. Қазақстанда ветеринарлық құжатсыз ет сатқандар үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлады ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин.

Бұл 2026 жылы парламентте талқыланатын ветеринария туралы жаңа заңда қарастырылады, деді вице-министр.

"Халық 3 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұлдан қорықпайды. Оны қатаңдату керек, себебі бұл азық-түлік қауіпсіздігімен байланысты. Мұндай істерді айыппұлмен емес, қылмыстық заңмен жазалау керек", - деді ол.

Вице-министр сондай-ақ ет және ет өнімдерінің цифрлық қадағалануы туралы айтты.

"Өндірілетін өнімдердің барлығы мал сою алаңдарында немесе ет комбинаттарында сойылып, ветеринарлық-санитарлық сараптамадан өтуі керек. Тексеруден кейін біз еттің қайда кететінін көреміз — базарға, мектепке, балабақшаға немесе ауруханаға. Біз соңғы тұтынушыны көруіміз керек", - деп түсіндірді ол.

Жүйе бүкіл Қазақстан бойынша енгізіліп жатыр және жақын арада мейрамханалар мен қоғамдық тамақтану нысандарын қамтитын болады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью