Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Ведомствоның мәліметінше, министрлік пен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы дебюттік қысқаметражды көркем фильмдер конкурсының қорытындысын шығарды.
Байқау нәтижесі бойынша өндіріс кезеңіне жіберу үшін екі жоба іріктелді:
«Дом» — сценарий авторы әрі режиссері Тимур Хосчанов;
«Күн қайдан шығады?» — сценарий авторы әрі режиссері Айша Сәлімгереева.
— Аталмыш байқау жас авторларды қолдауға және отандық кинематографиядағы жаңа есімдерді анықтау мақсатында ұйымдастырылды. Осындай бастамалар жас режиссерлерге өздерін танытуға, жеке көркемдік көзқарасын көрсетуге және үлкен кәсіби жолға алғашқы қадам жасауға мүмкіндік береді, — делінген хабарламада.
Ал жыл сайынғы киножобалар конкурсында биыл қандай тақырыптарға басымдық берілгенін мына сілтемеден оқыңыз.