Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Оның айтуынша, аталған мәселе ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабымен реттеледі.
– ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы қаулысына сәйкес, сирек кездесетін өсімдіктерді жұлуға, оларға зиян келтіруге немесе өсетін ортасын жоюға тыйым салынған. Мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, – деді заңгер Jibek Joly арнасының "Бүгін LIVE" бағдарламасына берген сұхбатында.
Маманның сөзінше, жаза құқық бұзушылықтың көлемі мен салдарына байланысты белгіленеді.
– Жаза түрлері әртүрлі: 3 000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу, түзеу жұмыстары немесе 800 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту қарастырылған. Сонымен қатар 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы көзделген. Барлығы жасалған іс-әрекеттің ауырлығына байланысты анықталады, – деп түсіндірді Бауыржан Айымбетов.
Ол сондай-ақ құқық бұзушылықтың қасақана жасалуы немесе көлемі үлкен болған жағдайда жаза қатаңдай түсетінін атап өтті. Ал нақты шешімді сот қабылдайды.
– 14 жасқа толмағандар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Алайда мұндай жағдайда ата-ананың жауапкершілігі қарастырылады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, ата-аналарға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін, – деді заңгер.
Айта кетейік, Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев елде қызғалдақ пен бәйшешек жұлғандарға қомақты айыппұл салу жазасы ескерілгенін еске салды.