Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Қазақстанда сапалы референдум өткізуге барлық жағдай жасалған, деп есептейді ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеясының бақылаушылары.
Бұл туралы Беларусь кеңесі тұрақты комиссиясының мүшесі Александр Горошкин мәлімдеді. Ол Қазақстанда келген бақылаушылар тобы Мәжіліс, Сенат және Орталық сайлау комиссиясының басшылығымен кездесіп, дауыс беруге дайындық туралы толық ақпарат алғанын хабарлады.
"Дайындық барысын өз көзімізбен көріп, учаскелерге бардық. Шын мәнінде, жұмыстар өте сапалы ұйымдастырылған және әрбір азаматқа өз пікірін білдіруге жағдай жасалған", – деді Горошкин.
Оның айтуынша бақылаушылар учаскелерде қазақстандықтар жаңа Конституцияны қабылдау немесе қабылдамау туралы өз еркін білдіре алатынына көз жеткізген.