Қазақстанда рұқсаттар мен хабарламалардың цифрлық жүйесінің жұмыс ережесі бекітілді

13.07.2026

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Құжаттың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды: "Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы".

Жүйенің функционалды міндеттері мынадай процестерді автоматтандыру болып табылады:

лицензиялау, рұқсат беру рәсімдері барысында өтініштерді беру және қарау;рұқсаттар тізілімін қалыптастыру;хабарлама жасаған субъектілердің тізілімін қалыптастыру;өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін қалыптастыру.

Лицензиялау, рұқсат беру рәсімдері барысында өтініштерді беру және қарау процесі мынадай операциялардан тұрады:

өтініштерді электрондық түрде беру, немесе Жүйеге қағаз жеткізгіште түскен өтініштер бойынша мәліметтерді енгізу;өтініштерді қарау;өтініш берушілерге өтініштерді қарау нәтижелерін ұсыну.

Рұқсаттар тізілімін қалыптастыру процесі мынадай операциялардан тұрады:

рұқсаттар тізіліміне өтініштерді қараудың оң нәтижесін автоматты түрде енгізу, немесе Жүйеден тыс жүзеге асырылатын өтініштерді қарау процесінің нәтижелерін рұқсаттар тізіліміне енгізу;тарихи деректерді қалпына келтіру;тарихи деректерді конверсиялау;рұқсатты немесе рұқсатқа қосымшаны беру, қайта ресімдеу, қолданысын тоқтата тұру, күшін жою, ұзарту, қайта бастау және тоқтату.

Хабарлама жасаған субъектілердің тізілімін қалыптастыру процесі мынадай опрерациялардан тұрады:

хабарламалар беру;хабарлама жасаған субъектілердің тізіліміне хабарламалар беру және енгізудің оң нәтижелерін автоматты түрде енгізу, немесе хабарлама жасаған субъектілердің тізілімін хабарлама жасау тәртібін, рұқсаттар және хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімін жүргізу мүмкіндігін жүзеге асыратын органның уақытша немесе ұдайы болмаған кезеңде тарихи деректермен толықтыру;рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімінен субъектіні шығару, хабарлама берген субъектінің қызметін тоқтата тұру, қайта бастау.

Лицензиялау, рұқсат беру рәсімдері мен хабарлама жасау тәртібі процестерін автоматтандыру шеңберінде Жүйеде электрондық құжаттардың мынадай түрлері қалыптасады:

өтініш;хабарлама;өтініштерді қарау процесінде өтініш берушілерге жіберілетін хабарлаулар;рұқсат беру;өтінішті қарауда және бірінші және екінші санаттағы рұқсаттарды беруде дәлелді бас тарту;рұқсат беруге келісуге уәкілетті мемлекеттік органмен сұрау салулар;мемлекеттік органдардың жауаптары – келісулері;рұқсаттардың иелеріне немесе рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімін жүргізу процесінде хабарлама берген субъектілерге жолданатын хабарлаулар;

Жүйеде XML форматында қалыптастырылған барлық электрондық құжаттарға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жүйемен түрленген ӘҚНК беріледі;

Жүйенің сыртқы порталының авторландырылған пайдаланушыларына жеке кабинет арқылы мынадай әрекеттерді жүзеге асыру мүмкіндігі беріледі:

ашық қолжетімділіктегі рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімінің мәліметтерін іздеу және қарау;рұқсаттарды алу және және хабарламаларды жолдау талаптары туралы ақпаратты қарау;рұқсат алуға электрондық өтініш беру;электрондық форматқа қағаз нысанында рұқсатты ауыстыруға өтінішін беру;мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамада көзделген рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның мәліметтерін қайта ресімдеуге, ұзартуға, тоқтатуға, тоқтата тұруға, қайта бастауға, рұқсат беру телнұсқасын алуға, мәліметтерін түзетуге, рұқсаттарды конверсиялауға және қалпына келтіруге өтініштер беру;өтініш берушімен берілген өтініштерді қарау мәртебесін көру;өтініш берушімен берілген өтінішті қарау барысында жолданған мемлекеттік органнан түскен электрондық хабарлауды қарау (өтініш бойынша қосымша мәліметтерді беру, тестілеуге келуді растау, лицензиялық немесе рұқсат беру алымын төлегені туралы түбіртекті жолдау және өзге де әрекеттер);өтініштерді қарау процесінде рұқсат беру органының сұрау салуына жауапты электрондық нысанда жолдау (өтініш бойынша қосымша мәліметтерді беру, тестілеуге келуді растау, лицензиялық немесе рұқсат беру алымын төлегені туралы түбіртекті жолдау және өзге де әрекеттер);"цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы лицензиялық және рұқсат беру алымдарын төлеу (электрондық өтініш беру процесінде);өтініштерді қарау нәтижелері бойынша рұқсат беру органымен берілген электрондық құжаттарды қарау;қызметтің басталуы туралы хабарлама беру;қызметтің (әрекеттің) тоқтатылуы туралы, деректердің өзгеруі туралы хабарлама беру;рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімін жүргізу барысында жолданған мемлекеттік органнан түскен электрондық хабарлауды қарау (рұқсаттың қолданысын тоқтату (күшін жою), тоқтата тұру, рұқсаттың қолданысын қайта бастау туралы, хабарлама жасаған субъектілердің тізілімінен субъектіні шығару туралы, субъектінің қызметін тоқтата тұру, қайта бастау туралы);өтінішті қайтарып алу.

Жүйенің сыртқы порталының авторландырылмаған пайдаланушыларына мынадай функцияларды пайдалану мүмкіндігі беріледі:

ашық қолжетімділіктегі рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімінің мәліметтерін іздеу және қарау;рұқсаттарды алу және хабарламаларды жолдау талаптары туралы ақпаратты қарау.

Электрондық өтінішті беру өтініштің электрондық нысанын толтыру және оны ЭЦҚ куәландыру арқылы Жүйенің сыртқы порталының авторландырылған пайдаланушысымен жүзеге асырылады;

Электрондық өтінішке ӘҚНК беру Жүйемен өтініш берушінің ЭЦҚ құжатын куәландыру кезеңінде жүргізіледі.

Электрондық өтінішті беру барысында Жүйе мынадай автоматтандырылған тексерулерді жүзеге асырады:

өтініш берушінің (өтініш берушінің өкілінің) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер қорында, ықпалдастырылған салықтық цифрлық жүйесінде бар болуын тексеру;өтініштің электрондық нысанының форматты-логикалық бақылауын жүзеге асыру (дұрыстығын және толық толтырылғандығын тексеру);мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінде өтініштің электрондық нысанда өтініш берушімен көрсетілетін деректердің бар болуын тексеру;рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімінде өтініштің электрондық нысанда өтініш берушімен көрсетілетін деректердің бар болуын тексеру;

Мұндай тексерулер оң нәтиже берген жағдайда өтініш берушінің Жеке кабинетіне оның электрондық өтінішін жүйеде тіркеу туралы хабарлама келіп түседі.

Өтінішті мемлекеттік органның жұмыс кестесіне байланыстырмай тәулік бойы беруге болады.

Жүйе лицензиялауды, рұқсат беру рәсімін жүзеге асыру барысында рұқсат беру органдарының өтініштерді қарау процестерінің үлгілік операцияларын өзінің ішкі порталы арқылы электрондық түрде ұсынады.

Бұйрық 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью