Қазақстанда салынатын екінші АЭС тың атауы жарияланды

21.04.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев екінші АЭС-тың атауын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстандағы екінші атом электр станциясы да Балқаш көлінің жағасында салынады.

"Қазіргі кезде үш алаң қарастырылып жатыр. Екінші АЭС-тың жұмыс атауы да бар. Ол "Мойынқұм" атом электр станциясы болады", - деді Сәтқалиев журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, осы жолы АЭС атауына конкурс жарияланбайды. Ал қытайлық China National Nuclear Corporation (CNNC) компаниясы екінші атом электр станциясын салуы мүмкін.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью