Қазақстанда сатылған көліктің 69% ы елімізде құрастырылған

28.01.2026

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Көлік демекші, жұрт қандай темірат мініп жүр?

Отандық автопарктің жаңарып қалғанын білеміз. Ал бұл орайда қай көліктің бәсі артық? Қаншасы сатылды?

Жалпы елде былтыр 235 мыңға жуық жаңа жеңіл және коммерциялық көлік сатылған екен. Оның басым бөлігі Қазақстанда шығарылған. Өндіріс те қарқынды. Мамандар машина жасау саласының 41 пайызын автомобиль өнеркәсібі құрайтынын айтады.

Сатылған көліктің 69%-ы елде құрастырылған 

Елде сатылған әрбір 10 көліктің 8-і "Қазақстанда жасалған". Автокөлік Одағының президенті Анар Мақашеваның айтуынша, ең танымал брендтер ондығын әдеттегідей Hyundai бастап тұр. Қаңтар-желтоқсан айларында 50 868 көлік сатылған. Бұл алдыңғы жылдан 15 пайызға көп. Екінші орында Chevrolet тұр. Бас-аяғы 39 мыңға жуық темір тұлпар өз иесін тапты. Бұл 25%-ға артық. Үштікті Kia түйіндейді. 23 402, яғни сатылған көлік саны бұрынғыдан 1,5 пайызға өскен. Қалғанын кестеден көресіз. Жалпы елде 70-тен астам автокөлік бренді бар. Десе де, сатылымның 80%-дан астамын осы танымал ондық қамтып отыр. Кейінгі жылдары елдің автопаркі біршама жаңарды. Оған дилерлік тиімді несиелеу үдерісі де ықпал етті дейді мамандар. Сөйтіп, өткен жылы салондарда 235 мыңға тарта жаңа көлік сатылды. Екінші нарық та маңызды сегмент саналады.

Ербол Сейпілов, "Qazautostandart" автомобиль сарапшылары мен аудиторлар қауымдастығының президенті:

- Ресми сатылған 234 862 көлік. Оның 69 пайызы өзіміздің елімізде шығарылған отандық көліктер. Елімізде шығарылған көліктерге келетін болсақ, 12 айдың ішінде бұл көрсеткіш 171 мың автокөліктен асты. Өсім 18 пайызға тең болды, 2024 жылмен салыстырғанда. Яғни жақсы көрсеткіштерге ие болдық. Жалпы осы машина жасау саласының 41 пайызы автомобиль өнеркәсібі құрайды. Өңдеу өнеркәсібі ішінде автомобиль өнеркәсібі 8 пайызды құрап отыр.

ТАНЫМАЛ БРЕНДТЕР ОНДЫҒЫ:

Hyundai –  50 868 (+15,4%)

Chevrolet – 38 880 (+25,7%)

Kia – 23 402 (+1,5%)

Chery – 14 570 (-2,1%);

Jetour – 14 507 (+52,6%)

Haval – 11 688 (+6,4%)

Toyota – 11 338 (+2,7%)

Changan – 11 260 (+32,3%)

Jac – 10 330 (-12,2%)

Geely – 9 621 ( +16,6%)

Көлік құны қалай құбылады?

Автосарапшы Эдуард Эдоков биылғы жылдың басында да жаңа көліктерге сұраныс артатынын болжайды. Әрине импорттық автомобиль құны былтырдан бері өсіп жатыр. ҚҚС-ның артуы бағаға тағы әсер етеді. Дегенмен, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, тиімді Trade-in бағдарламасы және автосалондардың өзге де ұсынысы азаматтарды жаңа көлік алуға ынталандыра береді. Нарыққа автолизинг те ықпал етеді. Автомобиль сарапшылары мен аудиторлар қауымдастығының президенті Ербол Сейпіловтің айтуынша, Алматы мен Қостанайда ашылған қос зауыт өндірістің де, нарықтың да дамуына үлес қосады. Яғни тұрғындар өзімізде шығарылған темір тұлпарды көбірек тізгіндей алады.

Ербол Сейпілов, "Qazautostandart" автомобиль сарапшылары мен аудиторлар қауымдастығының президенті:

- Астана Моторс Мануфакшн Казахстан компаниясы жылына 120 мыңға жуық автокөлік шығаратындай күші бар. Сол 120 мыңға жуық шығаратындай күшін айтатын болсақ, ол үш жарым мың жұмыс орнын қамтамасыз ете алады. Қостанай қаласындағы ''Киа Казақстан'' зауыты қазан айында іске қосылды. Бұл зауытта 70 мыңнан астам автокөлік шығару мүмкіндігі бар. 1500 жұмыс орнын қамтамасыз ете алады. Яғни, 25 жылғы үлкен бір жетістік деп айтуға болады. 

Қытай көліктеріне қызығушылық артты 

Елдегі қытайлық маркалардың үлесі 39%-дан сәл асады. Былтыр бұл елден 211 мың көлік сатып алдық. Мамандар қызығушылық бәсеңдемейді дейді. Өйткені Қытай брендтеріне басқалармен салыстырғанда тиімді баға ұсынады. Субсидиялар, инфрақұрылым және зарядтау станциялары дамыса электромобильдердің де үлесі арта түседі. Алматы мен Қостанай зауыттары бұл өндірісті де меңгеріп алған. Сұранысқа қарай жылына 10 мыңға жуық гибридті және электрлі көлік шығару жоспары бар. 

Отандық көлік экспорты өсті 

Кейінгі бес жылда 41 мың авто көлік Орталық Азия мен ЕАЭО-ға экспортталды. Сыртқы нарықта "Қазақстанда жасалған" жеңіл көліктер, коммерциялық техника мен автобустарға сұраныс көп. Мамандар экспорт аясын кеңейтуге бейіл. Бұл үшін бағаның тұрақты әрі бәсекеге қабілетті болғаны ләзім. Әйтсе де, экспорттық көліктер құны өндіріс шығындарына, импорттық бөлшектер бағасы мен логистика шығындарына қалай белгіленеді. Демек, кей маркалар ішкі нарыққа қарағанда, қымбаттау келеді дейді мамандар.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью