Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
– Қазақстанда екі үлкен мәселе бар. Ол – идеяның аздығы мен бәсекелестіктің жоқтығы. Бәсеке мен партиялық идеологиялардың өзара таласы – дәстүрлі институттар. Жақсы болсын, жаман болсын, бұдан артық тиімді механизмді әзірге ешкім ұсынған жоқ, - дейді мәжілісмен «Жаңа Конституция: сенім мен дамудың архитектурасы» сарапшылар алаңында сөйлеген сөзінде.
Спикер елімізде дәл осы партиялар арасындағы бәсеке ақсап тұрғанын жеткізді.
– Мысал келтірейін. Біздің тарихымызда ешқашан, ешбір аймақта белгілі бір партия келіп: «Мәслихат қалалық бюджет қабылдап жатыр екен, біз оған балама нұсқа жасадық» немесе «Мәслихат мәдениет туралы бағдарлама ұсынды, біз онымен келіспейміз, ол былай болу керек» деп нақты ұсыныс жасаған емес. Ал шын мәнінде бізге керегі – идеялардың бір-бірімен таласуы. Партиялар бәсекелесіп, түрлі мәселелерге жол бермеуі керек. Партиялардың парламенттік жүйеге ықпалы осыдан басталуы тиіс, - дейді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан «Бір палаталы Парламент – Құрылтай Қазақстандағы партиялық құрылымды тиімді етуге ықпал етеді» деген пікір білдірген еді.