Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
2026 жылғы 15 сәуір күні бастамашыл топ жаңа «Әділет» саяси партиясын құру ниеті туралы ресми мәлімдеме жасады. Жаңа партия өзін прогрессивті реформалардың жақтаушысы, Әділетті Қазақстанды құру, заң үстемдігін нығайту және шешім қабылдау процесіне азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз етуді қолдаушы ретінде танытады.
«Әділет» партиясының негізгі мақсаты мен міндеттері — Жаңа Конституция қағидаттары мен Әділетті Қазақстан құндылықтары негізінде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғау.
Фото: «Әділет» партиясының ұйымдастыру комитетіЖаңа ұйымның миссиясы — 2026 жылғы 15 наурызда өткен референдумда қабылданған жаңа Конституция ережелерінің қатаң сақталуын қамтамасыз ету. Жаңа партия прогрессивті жастарды, түрлі сала мамандарын, қала мен ауыл тұрғындарын, яғни отандастарымыздың мүдделерін шынайы қорғауға және баршаға ортақ әділдікті орнатуға атсалысуға дайын қазақстандықтардың басын біріктіреді.
Фото: «Әділет» партиясының ұйымдастыру комитеті— Біз экономикасы қуатты, баршағакең мүмкіндік беретін және әлемдік қоғамдастықта абыройлы да беделді, Әділетті мемлекетқұру және оны нығайтуға мүдделі барлықазаматтардың күш-жігерін біріктіргіміз келеді, — деп мәлімдеді бастамашылар.
ӘДІЛДІК, ПАТРИОТИЗМ, ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ, ЖАУАПКЕРШІЛІК және ПРОГРЕСС құндылықтарына сүйене отырып, партия бастамашылары мынадай басымдықтарды жариялады:
Барлық қазақстандық үшін мүмкіндіктер теңдігін қамтамасыз ету, кландық, өңірлік ерекшеліктердің ықпалын азайту; Тәуелсіз, тиімді әрі объективті құқық қорғау және сот жүйесін нығайту; Экономикалық әділдік пен Қазақстанның тұрақты дамуы.Жаңа партия өзінің саяси күн тәртібін қалыптастыру аясында азаматтық қоғам өкілдері, сарапшылар және сала мамандарымен тығыз ықпалдасуға ниетті.
16 сәуірде бастамашы топ Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне тіркеуге дайындық рәсімін бастау туралы өтініш жібереді және жақын арада партияның құрылтай съезін өткізуді жоспарлады.
Осыған дейін Әділет министрі жаңа партияларды тіркеуге қатысты пікір білдірген еді.