Қазақстанда шетелдік әншілердің концертіне бақылау күшейді: Енді әндердің мазмұны тексеріледі

06.02.2026

Azh.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

ChatGPT жасаған сурет

Енді кез келген шетелдік әртіс Қазақстанға келіп, қалаған әнін айта алмайды. Сенат мақұлдаған жаңа заңнамалық түзетулерге сәйкес, гастрольдік сапарларды ұйымдастыру тәртібі түбегейлі өзгерді. Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов жаңа механизмнің қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.

Бұрын шетелдік жұлдыздар алдымен билет сатуды бастап, концертке аз уақыт қалғанда ғана әкімдіктермен келісімшарт жасасатын. Тіпті, құзырлы органдар концерт туралы әлеуметтік желіден біліп жататын жағдайлар жиі кездескен. Енді бұл тәжірибеге тыйым салынды.

Ұйымдастырушылар шетелдік әртістің концерті туралы кемінде 30 жұмыс күні бұрын хабарлап, келісім алуы тиіс. Концертті өткізу туралы келісімшарт бекітілмейінше, билет сатуға рұқсат берілмейді.

Мемлекеттік органдар енді әртістердің репертуарына ерекше назар аударады. Келісімшартта шетелдік әншілер үшін бұзуға болмайтын міндетті талаптар жазылады. Әндердің мазмұнында мыналарға тыйым салынады:

Еліміздің ұлттық құрылымына нұқсан келтіру;Порнографияны насихаттау;Есірткіні насихаттау.

Егер сараптама барысында ән мәтіндерінен заңға қайшы контент анықталса, мемлекеттік органдар ол әндерді репертуардан алып тастауды талап етеді. Ал егер әртіс немесе ұйымдастырушы бұл талаптарға көнбесе, концертті өткізуге толықтай тыйым салынады немесе ол белгісіз мерзімге тоқтатылады.

Евгений Кочетовтің айтуынша, бұл шаралар креативті индустрияны реттеу және ел ішіндегі қоғамдық тәртіп пен адамгершілік құндылықтарды сақтау үшін енгізіліп отыр.

Бүгін, 15:44

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью