Қазақстанда шетелдіктер үшін арнайы виза пайда болады

03.05.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Шетелден келген жоғары білікті мамандар Қазақстанда жұмыс істеу үшін "Алтын виза" ала алады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengri Travel тілшісі.

Шетелден келген жоғары білікті мамандар Қазақстанда жұмыс істеу үшін "Алтын виза" ала алады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengri Travel тілшісі.

"Сұранысқа ие мамандар үшін"

Оның айтуынша, қазір отандық экономикаға қажет мамандар үшін ашық, икемді әрі қолайлы көші-қон жүйесін құру міндеті тұр.

"Олардың еркін келуіне, кәсіби әлеуетін толық асыруына және Қазақстан өміріне толыққанды әрі жайлы бейімделуіне мүмкіндік беру қажет. Осы мақсатта келесі тәсілдер іске асырылады. Бірінші және негізгі тәсіл - көші-қон саласында сервистік мемлекет қалыптастыру. Бұл мемлекеттік рәсімдер барынша қарапайым, ашық және қолжетімді болуға тиіс дегенді білдіреді", - деді ол.

Премьер-министрдің орынбасары Аида Балаева түсіндіргендей, іс жүзінде бұл "бір терезе" қағидатын кеңейтуде, барлық базалық процесті цифрландыруда және ведомствоаралық келісулерді қысқартуда көрініс табады.

"Мәселен, мәртебені ресімдеу, жұмысқа рұқсат алу және оған қатысты рәсімдер әртүрлі органдарға бірнеше рет жүгінуді қажет етпейтін бірыңғай жүйе аясында жүзеге асырылуға тиіс. Екінші тәсіл - бюрократиядан арылу және әкімшілік процестердің тиімділігін арттыру. Өтініштерді қарау мерзімі қысқарып, регламенттік рәсімдер оңтайландырылуда, бақылаудың цифрлық құралдары енгізіліп жатыр. Бұл азаматтар үшін де, мемлекет үшін де транзакциялық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді", - деп жалғастырды ол.

Алтын виза

Балаева үшінші тәсіл - бұл адами капиталды басқарылатын тарту моделіне көшу екенін мәлімдеді.

"Осы тұрғыда инвесторлар мен жоғары білікті мамандар үшін болжамды және ұзақ мерзімді жағдайлар жасауға бағытталған "Алтын виза" енгізіліп жатыр. Мысалы, өндіріс немесе инфрақұрылым саласында жобаны жүзеге асырып жатқан шетелдік инвестор елде болу мен қызмет жүргізудің тұрақты шарттарына ие болады. Сол сияқты еңбек нарығында сұранысқа ие инженерия, IT немесе медицина саласының маманы заңдастыру мен жұмысқа орналасуға оңайлатылған қолжетімділік алады", - деді ол.

Төртінші тәсіл - кәсіби біліктілікті тануды жеңілдету арқылы еңбек нарығының икемділігін арттыру.

"Бұл әсіресе тапшы және жоғары технологиялық салалар үшін өте өзекті. Кей жағдайларда, сапа мен қауіпсіздіктің барлық талабын сақтай отырып, біліктілікті растау мерзімін бірнеше айдан әлдеқайда қысқа рәсімдерге дейін азайту туралы сөз болып отыр", - деп толықтырды Балаева.

Премьер-министрдің орынбасары бұл ретте мемлекет реттеу деңгейін төмендетпейтінін, "керісінше оны дәлірек, атаулы және технологиялық ете түсетінін" атап өтті.

Еске салайық, ІІМ деректері бойынша, 2026 жылғы наурыздың басындағы жағдай бойынша Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар 240 мыңнан астам шетелдік тұрақты тұрады, оның 97,5 мыңы - Ресей азаматтары (40,4 пайыз).

Министрліктің мәліметінше, ресейліктер тұруға ықтиярхатты көбіне Алматы, Астана қалаларында, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында рәсімдейді.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью