Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 22 тамыз - Sputnik. Соңғы бес жылда елімізде 1 млн-нан астам оқушы орнына арналған 1120 мектеп салынды.
Нәтижесінде үш ауысымды мектептер саны мен оқушы орындарының тапшылығы төрт есе, ал апатты мектептер саны екі есе қысқарды, дейді Оқу ағарту министрлігі.
"Негізгі жобалардың бірі - "Келешек мектептері" ұлттық жобасы. Еліміз бойынша 460 мың оқушы орнына арналған 217 мектеп салынды, оның 84-і ауылдық жерлерде орналасқан. Бұл мектептерде STEM-зертханалар, робототехника кабинеттері, коворкингтер, хореография және спорт залдары қарастырылған", - дейді министрлік.
© Photo : Оқу-ағарту министрлігіСоңғы бес жылда Қазақстанда 1120 мектеп салынды
Соңғы бес жылда Қазақстанда 1120 мектеп салынды
© Photo : Оқу-ағарту министрлігі
2023 жылы құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры арқылы 100 мыңға жуық оқушы орнына арналған 90 нысанның құрылысы қаржыландырылды. Оның 83-і пайдалануға берілді, тағы жетеуін жыл соңына дейін ашу жоспарланып отыр. Алдағы үш жылда тағы 1300 мектепті реновациялау жоспарланған. Оның 820-сы ауылдық жерлерде орналасқан.
2026 жылы 60 мыңға жуық оқушы орнына арналған тағы 101 мектеп салу жоспарланып отыр. Негізгі мақсат - оқушы орындарының тапшылығын жүйелі шешіп, қала мен ауыл балаларына бірдей заманауи білім алу жағдайын жасау.