Қазақстанда соңғы бес жылда ана өлімі 35% ға төмендеді

24.04.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Соңғы бес жылда Қазақстанда ана өлімі 35%-ға төмендеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Астанада өткен халықаралық сессияда мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Ашық дереккөз

Министрдің айтуынша, аталған кезеңде ана мен бала денсаулығының негізгі көрсеткіштері айтарлықтай жақсарған. Сондай-ақ нәресте және перинаталдық өлім деңгейі де төмендеген. Бұл нәтижелер денсаулық сақтау жүйесіндегі реформалар мен заманауи медициналық стандарттарды енгізудің жемісі ретінде бағаланып отыр.

Сондай-ақ Ақмарал Әлназарова климат өзгерісінің денсаулыққа әсері күшейіп келе жатқанын атап өтті. Оның сөзінше, бұл фактор демографиялық үдерістерге және медицина жүйесінің тұрақтылығына ықпал етіп отыр.  Температураның көтерілуі мен экологиялық өзгерістер инфекциялық және жүрек-қантамыр ауруларының қаупін арттырып, әйелдердің репродуктивтік денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Динара Зәкиева: Жаңа Конституцияда ана мен балаға ерекше қорғау қарастырылған

Елімізде ана мен бала денсаулығын қорғау бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, «Аналар саулығы» бағдарламасы аясында жүкті әйелдерді ерте бақылауға алу күшейтілген. Қазір жүкті әйелдердің 90%-дан астамы 12 аптаға дейін есепке алынады.

Бұдан бөлек, «Бір күндік клиника» жобасы енгізіліп, туа біткен ақаулар мен хромосомалық патологиялар қаупін дер кезінде анықтауға мүмкіндік беруде. Жоба аясында әйелдер қысқа уақыт ішінде толық тексеруден өтіп, қажетті кеңес алады.

Ана мен бала саулығы – елдің саулығы

Сондай-ақ елімізде жасөспірімдердің репродуктивтік және психикалық денсаулығына қатысты алдын алу және кеңес беру жұмыстарын жүргізетін жастар денсаулық орталықтары жұмыс істеп келеді.

Соңғы жаңалықтар

Астана – Шымкент бағытында ұшақтар күніне 4 рет ұшатын болады

Қазақстан • Бүгін, 11:47

Енді борышкерлердің банк шоттары толық бұғатталмайды

Банк • Бүгін, 11:38

Израиль мен Ливан арасындағы бітім үш аптаға ұзартылды

Әлем • Бүгін, 11:35

«Барселонамен» келісімшартқа отырған қазақ баласы Ұлттық құрамаға шақырту алды

Спорт • Бүгін, 11:20

Теміртауда құрылыс алаңында 3 баланы тоқ соқты: Қылмыстық іс қозғалды

Оқиға • Бүгін, 11:15

Қостанайда соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңгеден аударылды

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:05

Қоғамдық орындарда тұмшаланып жүру: Алматы полициясы даулы видеоға қатысты мәлімдеме жасады

Қоғам • Бүгін, 10:57

Еуропалық одақ еліміздің тағы бір компаниясына санкция салды

Экономика • Бүгін, 10:47

Астанада төрт қабатты ғимарат өртенді

Оқиға • Бүгін, 10:38

Депутат: Стационардан шыққан нашақорларға әлеуметтік қолдау қажет

Парламент • Бүгін, 10:22

Енді «Сергек» камералары күмәнді әрекеттерді автоматты түрде тіркейді

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:10

Алматыда аялдамада зейнеткерді аяусыз соққыға жыққан ер адам ұсталды

Оқиға • Бүгін, 09:58

Ақтауда 2 жасөспірімге бір топ адам шабуыл жасады

Оқиға • Бүгін, 09:54

Астанадағы көшелердің бірінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі

Елорда • Бүгін, 09:50

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Ауа райы • Бүгін, 09:45

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью