Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Қазақстанда кейінгі жылдары үш университеттің лицензиясы қайтарып алынды. Қазір тағы екеуі бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда кейінгі жылдары үш университеттің лицензиясы қайтарып алынды. Қазір тағы екеуі бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үкіметте өткен брифингте журналистер министрден ведомствоның Қазақстандағы жоғары білім сапасын қалай бағалайтынын және кейінгі жылдары білім сапасының төмендігіне байланысты қанша жоғары оқу орны лицензиясынан айырылғанын немесе жабылғанын сұрады.
Саясат Нұрбектің айтуынша, кейінгі жылдары 3 университеттің лицензиясы қайтарылған.
"Тағы бірнеше университет бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Оның ішінде қазіргі уақытта екі университет бойынша жұмыстар атқарылып жатыр", - деді министр.
Бұл ретте Нұрбек нақты жоғары оқу орындарын атамады.
"Өткен брифингте де айтқан болатынмын: нақты университетті атаңыздар, бірақ өте жауапты болайық. Өйткені мәселе қазір оқуын жалғастырып жатқан жүздеген мың студент туралы болып отыр. Егер мен түпкілікті шешім қабылданғанға дейін қандай да бір процедуралық жайттарды жария ете бастасам, бұл студенттерге әсер етуі мүмкін", - деп атап өтті ол.
Министр ақпарат шешімдер қабылданғаннан кейін жарияланатынын қосып өтті.
Мән-жайыБұған дейін Саясат Нұрбек 2 жылда бакалавр дипломын береміз деп уәде еткен "блогерлер университеті" қызметіне қатысты пікір білдірген болатын. Ол кезде министр бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысу үшін министрліктің тиісті комитетінен лицензия, сондай-ақ аккредитация алу қажет екенін мәлімдеген. Оның айтуынша, аталған "университетке" министрлік лицензия бермеген.