Қазақстанда тамыз айынан бастап не өзгереді?

30.07.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Құрылтай сайлауы

23 тамызда Қазақстанда Құрылтай сайлауы өтеді. Сайлауалды үгіт-насихат науқаны 23 шілде күні сағат 18:01-де басталып, 22 тамыз сағат 00:00-де аяқталады.

22 тамыз – тыныштық күні болып жарияланды. Дауыс санау 23 тамыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады.

Партиялық тізімдер бойынша 145 депутат 5 жыл мерзімге сайланады. 2026 жылы Орталық сайлау комиссиясының жұмысына 12,6 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде 11,2 млрд теңге сайлауды өткізуге, ал 1,4 млрд теңге ұйымдастыру жұмыстарына жұмсалады.

Мемлекеттік білім гранттарының иегерлері анықталады

10 тамызға дейін мемлекеттік білім гранттарын иеленген талапкерлердің тізімі жарияланады.

10 мамыр мен 10 шілде аралығында өткен ҰБТ-ға шамамен 233 мың адам қатысты. Талапкерлердің 73,1%-ы –  тестті қазақ тілінде, 26,8%-ы – орыс тілінде, ал 383 адам ағылшын тілінде тапсырды.

Шекті балды шамамен 177 мың талапкер, яғни қатысушылардың 76%-ы жинады. Бес пән бойынша орташа нәтиже – 69 балл.

Ел тұрғындары тамызда қанша күн демалады?

Алимент төлеу тәртібі өзгереді

25 тамыздан бастап алимент тек арнайы банктік шоттарға аударылады. Бұл шоттардағы қаражатқа тыйым салынбайды және басқа қарыздарды өтеу үшін өндіріп алынбайды.

Алимент алушылар екінші деңгейлі банктен арнайы шот ашып, оның деректерін сот орындаушысына ұсынуы тиіс.

Дәрігерге қаралу жеңілдейді

3 тамыздан бастап амбулаториялық медициналық көмек көрсету қағидалары өзгереді.

Енді дәрігер диагноз қою немесе емдеу үшін қажет болған жағдайда пациентті қосымша тексерулерге және тағы үш бейінді маманға өз бетінше жібере алады.

Сонымен қатар кейбір жағдайларда бейінді дәрігердің қабылдауына жазылу үшін учаскелік терапевтке алдын ала қаралудың қажеті болмайды.

Әуежай және әуе қатынасы

Тамыз айынан бастап Астана халықаралық әуежайындағы қысқа мерзімді автотұрақтың құны сағатына 300 теңге болады.

І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар, басқа мемлекет аумағындағы жауынгерлік іс-қимылдардың ардагерлері және Семей ядролық полигонындағы сынақтардың зардаптарын жоюға қатысушылар бұл төлемнен босатылады.

Сондай-ақ AJet әуе компаниясы Анкара бағыты бойынша күнделікті рейстерді іске қосады.

«Ұмай» бағдарламасы қайта іске қосылады

Тамыз айында әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталады.

Бағдарламаға 45 млрд теңге бөлінді. Бастапқы жарна ірі қалаларда – 20%-дан, өңірлерде – 15%-дан басталады. Несиенің ең жоғары сомасы – 50 млн теңгеге дейін, мерзімі – 25 жылға дейін.

Тамыз айындағы ҰБТ-ға өтініш қабылдау қашан басталады?

Мас күйде көлік жүргізгендерге жаза күшейеді

25 тамыздан бастап мас күйінде көлік жүргізген азаматтар 8 жылға жүргізуші куәлігінен айырылады. Дәл осындай жаза жүргізуші куәлігі жоқ күйде мас болып көлік басқарған адамдарға да қолданылады.

Сонымен қатар 65 жастан асқан жүргізушілер мен мүгедектігі бар жүргізушілер екі жыл сайын міндетті медициналық тексеруден өтеді.

Электросамокаттарға қатысты жаңа талаптар

25 тамыздан бастап Алматыда электросамокаттардың тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолымен жүруіне тыйым салынады.

Электросамокатты тек кәмелетке толған, кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі және қорғаныс шлемі бар азаматтар ғана пайдалана алады.

Тыйым салынған аймаққа кірген кезде самокаттың жылдамдығы автоматты түрде төмендеп, кейін құрылғы толық бұғатталады.

Тамыздағы демалыс күндері

2026 жылдың тамыз айында қосымша мереке күндері болмайды.

Бес күндік жұмыс аптасында ел тұрғындарын 21 жұмыс және 10 демалыс күні күтіп тұр.

Конституция күнінің 15 наурызға ауыстырылуына байланысты жаздың соңғы күні – 31 тамыз жұмыс күні болып қалады.

Жүргізушілерге жаңа талап: 25 тамыздан бастап не өзгереді?

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью