Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Құжатқа сәйкес, мұндай ұйымдар жергілікті атқарушы органдардың шешімімен құрылып, коммуналдық мемлекеттік мекеме нысанында жұмыс істейді.
Ұйымдардың негізгі міндеттеріне өңірдегі тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және сақтау, ғылыми-зерттеу, есепке алу және мониторинг жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ оларды тиімді пайдалану бойынша шараларды әзірлеу және іске асыру кіреді. Сонымен қатар тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссия құру және жаңа монументалды өнер нысандарын айқындау бойынша құжаттар әзірлеу қарастырылған.
Ұйымдар уәкілетті орган бекіткен жоспарларға сәйкес археологиялық және құтқару-қорғау жұмыстарын жүргізеді.
Негізгі бағыттардың қатарында есептік және ғылыми құжаттаманы жүргізу (есеп карточкалары, паспорттар, қорғау аймақтарының материалдары), ескерткіштердің техникалық жай-күйін жыл сайын тексеру, сондай-ақ оларды жергілікті және республикалық маңызы бар мемлекеттік тізімдерге енгізу бойынша ұсыныстар дайындау бар.
Сондай-ақ ұйымдар қорғау аймақтарын белгілеу, аумақтарды пайдалану режимдерін әзірлеу, қорғау шарттарын жасау, көрмелер, дәрістер мен экскурсиялар ұйымдастыру, ғылыми, білім беру және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жұмыстарымен айналысады.
Құжат 2026 жылғы 4 мамырдан бастап күшіне енеді.
Бұған дейін Сыр өңіріндегі Бәбіш мола, Жанкент, Сығанақ қалашықтарына қазба жұмысы жүргізілетіні хабарланған болатын.
Еске салайық, Мәдениет министрлігі тарихи-мәдени сараптама жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға шығарған еді.
Қазақстан мен Ұлыбритания ғалымдары қола дәуіріндегі технологиялық жаңашылдықтарды зерттейді.