Қазақстанда тегін көрсетілімдермен анимация апталығы өтіп жатыр

24.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Ведомство мәліметінше, тегін сеанстар Астанадағы «Арсенал» кинотеатрында және Қарағандыдағы «Сарыжайлау» кинотеатрында өтуде. Сонымен қатар ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының қолдауымен көрсетілімдер елордадағы орталық алаңда, сондай-ақ Семей, Отар, Сарыөзек және Алматы гарнизондарында ұйымдастырылып, әскери қызметшілердің отбасыларын қамтып отыр.

– Апталық бағдарламасы әр жастағы көрерменге арналған. Оған толықметражды анимациялық ертегілер, авторлық қысқаметражды фильмдер, 2025 жылғы эксклюзивті премьералар енгізілді. Жаңа туындылармен қатар «Қазақфильм» киностудиясының және Ұлттық киноны қолдау орталығының алтын қорындағы мультфильмдер де көрсетілуде, – делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, жоба Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы жанындағы «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі тарапынан Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Мемлекеттік ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.

Ведомство бұл бастама ұлттық анимацияны дамытуға, мемлекеттік тілдегі сапалы контентті насихаттауға және отандық мультфильмдердің көрермен аудиториясын кеңейтуге бағытталғанын атап өтті.

Бұған дейін Labubu ойыншығы туралы анимациялық фильм түсірілетіні хабарланды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью