Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Қазтелерадио АҚ ұлттық спутниктік, эфирлік цифрлық және аналогтық телерадиохабар тарату жабдықтарында, сондай-ақ деректерді беру желілерінде жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Осыған байланысты бірқатар телеарналар мен қызметтер уақытша өшіріледі.
Жоспарлы жұмыстар 2026 жылғы 28 қаңтарда Астана уақытымен 03:00-ден 17:00-ге дейін жүргізіледі.
Осы уақыт аралығында келесі қызметтерде уақытша үзілістер болуы мүмкін:
OTAU TV спутниктік телевидениесі;
эфирлік цифрлық телерадиохабар тарату;
аналогтық теле және радиохабар тарату;
деректерді беру және телефон байланысы қызметтері.
Компания аталған жұмыстар телерадиожелілердің тұрақты әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы түрде жүргізілетінін атап өтті. Сондай-ақ «Қазтелерадио» АҚ абоненттерден уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрап, түсіністік танытқандары үшін алғыс білдірді.